"Үштілділік- заман талабы"
блог
"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте"деген даналық сөзді әрқашан естейтініміз анық.Осы бір заман талабынан қалыс қалмай,ешбір өзгеріске ұшырамай келген асыл сөздің мағынасы тереңде жатыр.Елбасы өзінің 2007 жылғы "Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан" атты жолдауында:"Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар:қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі".Елбасымыздың ойына мән беретін болсақ,біз жаңа заман талабынан қалыс қалмай,үш тілді меңгеруіміз міндетті.Менің ойымша тіл білу-заман талабына сай икемделу.Яғни тіл білу-байлық.Әдемдік елдермен "тереземізді тең" ұстауымыз үшін тіл үйренген абзал.Егер біз Әлемдік тілдерді үйренетін болсақ,бізді алда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін.Әрине,үш тілді білу және оны үййрену арқылы ешкімде ұтылмайтыны анық.Қазақ халқы табиғатынан зерек,қабылдағыш халық.Намысын найза ұшына шаншып,күре тамыры Көк бөріден қуаттанып,жауына Абылайлап шапқан,Еділден Жайыққа дейінгі,Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын,Хорасан жерін қамтыған Қазақ хандығының ұрпағына бүгінгі таңда Әлемдік деңгейге жету қиындық тудыра қоймас.Әрине көп тілді меңгеру-мақтаныш.Дегенмен,өз ана тілін білу әлемнің жеті кереметінен де асып түсетіні тайға таңба басқандай айқын.Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда,"Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі,бүгінгі ғана тағдыры емес,бүрсүгінгі де тағдыры.Қазақ тілі... өткірлігімен,бой балқытып,тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып,құлақ құрышын қандырып,ұғымына қонымды,жүрегіне тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап,егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерте,елге медет болып адам түгіл,жағдайдың көмейіне құм құйып,аузын аштырмай,үнін шығармай қоятын тіл".Алғашқы тәрбиені ана тілде қабылдаған бала ғана Қазақстанның жарқын көрінісі.Абай Құнанбайұлы,Қаныш Сәтбаев,Мұхтар Әуезов сияқты нардай тұлғаларымыз ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғарғы орынға қойған.
Мағжа Жұмабаев "Мен жастарға сенемін",Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ жастардың қолында" деп,біздей ұрпаққа сенім артқанда,осындай сенімді ақтап шығу біздің Отан алдындағы борышымыз.Заман талабына сай икемделе отырып,қазақ тілінің мәртебесін асқақтату біздей лапылдаған жастардың алдыға қойған мақсаты.
Ойымды қорыта келе,Елбасының мына бір сөзімен аяқтағым келеді:"Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады!".
ҚазҰУ, "Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы" кафедрасының
профессоры Баймырзақызы Сәуле
"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 курс
студенті Изәтілдаева Динара