«Air Astana» әуе компаниясы өз жолаушыларына айтар жақсы жаңалығы бар. Жақын арада ұшақ бортында жаңа тағам мен ішімдік түрлерін ұсынылады. Кеше "Butler" мейрамханасында «Air Astana» әуе компаниясы жаңа мәзірді таныстырды.
Ұшақ бортындағы тағам туралы қызықты ақпарат:
- Еліміздің үздік әуе компаниясы өз жолаушыларына арнайы тағамның 19 түрін ұсынады;
- Жеңіл тіскебасар тағам, ыстық тамақ және әр түрлі ішімдіктен құралған мәзір қысқа мерзімді рейстерде әр 10 күн сайын, ұзақ қашықтықтағы рейстерде ай сайын өзгертіліп отырады;
- Ұшақ бортында ұсынылатын тағам түрлерінің сапасына, құндылығына, нәрлігіне аса мән беріледі;
- Әуе компания асханасында жартылай фабрикаттар, мұздатылған тағамдар жоқ. Жолаушыларға ұсынылатын тағамдар тек жаңа піскен көкөністер мен пайдалы азық-түліктерден даярланады.
«Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің айтуы бойынша, ұшақ бортында ұсынылатын тағамға ерекше мән берудің басты себебі жолаушылардың көңілінен шығу. Себебі, жолаушылардың берер бағасы әуе компания үшін өте маңызды. Сондай-ақ, ол қазақтың ұлттық тағамдарымен жақсы таныс екенін айтты. Ең сүйіктісі - қазы.
Жақын арада ұшақ бортында ұсынылатын жаңа шарап пен ірімшік түрлерінің таныстырылымына келген қонақтар арасында елімізге танымал өнер иелері де болды. Белгілі әнші-сазгер Карина Абдуллина қалың көпшілікті әуезді әнімен ғана емес, әдемі дауысымен де қуантады. Ұшақ бортына мінгенде жолаушыларға Карина Абдуллина: "Құрметті ханымдар мен мырзалар! Ұшақ бортына қош келдіңіздер!" деп әрдайым сәлем береді.