Ұшақ
блог
Көктен барлап қазақтың кең даласын
Ей, ұшағым қайда зулап барасың
Бұл жандардың қайда кетіп, келгенін
Біліп жатқан жалғыз өзің ғанасың
Бір көрсетіп табиғатын шетелдің,
Талайларды демалдырып әкелдің.
Табыстырдың сағынысқан жандарды,
Кездестіріп, көңілдерін көтердің.
Алып бердің қол жетпейтін асқарды,
Әлемтану бір өзіңнен басталды
Қанатыңның қуатымен жеткіздің,
Шет елдерге білім қуған жастарды
Талайлардың алғысын да алғансыз
Кім біледі, марқайып та қалғансыз
Әттең, қалтам жұқа боп тұр, әйтпесе
Кезер едім жер-жаһанды армансыз
Кетті тағы, әне, бірі сызылып
Аман болшы, қалма көкте бұзылып
Кім біледі жалыққан соң ұшудан,
Жердегіге қарадың ба қызығып
Қанша бұлтты, аспанды сен өпсең де
Қаншаларға теріңді сен төкесең де
Дәл қырандай бола алмассың, себебі
Қырандағы азаттылық жоқ сенде