Қазақ халқының ертеңі үшін аянбай тер төккен, асыл ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтың жары болған аяулы Фатима қандай жан болған?!
Мұрат Әуезовтей ел таныған азаматты дүниеге келтірген Фатима қандай ана болған?!
Баламен бала, дарамен дара болған Фатима апа келініне қазақ тілін қалай үйреткен?!
Жақында премьерасы өткен "Фатима" қойылымы шындықпен қаншалықты жанасады?!
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бүгін СТВ арнасынан сағат 21:00-де болатын "Қоғам және әйел" бағдарламасынан ала аласыздар. Бағдарламаның басты кейіпкері - марқұм Фатима Ғабитова. Фатимадай абзал жанды кенже ұлы Мұрат Әуезов пен келіні Қарлығаш Қаңтарбаева сағына еске алады. Ал "Фатима" қойылымының режиссері Мұрат Ахманов пен актриса Ақбота Қаймақбаева Фатима ана образына кеңінен тоқталады.
Жүргізуші: Жұлдыз Байнолла
Операторлар: Валерий Таубалдиев, Сергей Ковтун
Монтаж: Нұржан Омаров
Продюсер: Ғазиза Ұзақ
Режиссер: Еділ Шыңғыс
Суреттер: alashainasy.kz, egemen.kz, np.kz