Үш ақынның бір туындысы
блог
Айтыскер ақындығымен, әншілігімен көрерменнің, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас әнші, ақын - Төреғалидің орындауында таяуда ғана жаңа ән шықты. "Жүрекке әмір жүрмейді". Әннің жарыққа шығуына үш бірдей ақынның септігі тиді. Атап айтсақ, 2013 жылғы ең үздік 10 ақынның қатарына іліккен жас жүйрік - Қанат Мырзаханұлы әннің сөзін жазған. Ал асабалығымен, ақындығымен, сазгерлігімен өнердің белестерін бағындырып жүрген сырбаз ағамыз - Шынберген Сүлеймен әннің әуенін жазып, Төреғали Төреәлі орындап, соңғы аптада ән ғаламтор желісінде таралып жатыр. Санаулы күндер ғана өтсе де ән өз бағасын алып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырғандай. Сіздер де тыңдап, баға бере отырсын деп осы жерде де хабарлаған жайым бар.
Әннің сөзін бір шолыңыздар:
---Жүрекке әмір жүрмейді---
«Ақ жүзіңде жылу бар» деп,
Дейді арулар – бері қара.
Мені ұнатқан сұлулар көп,
Ал мен сүйем сені ғана.
От болып күйгенімен,
Соншама сүйгенімен,
Болса да ғашық кім мейлі,
Жүрекке әмір жүрмейді.
Күндей нәзік сыр ұғар кім,
Тағдырынан қыз баланың.
Мен өзіңді тірі жанның,
Барлығынан қызғанамын.
От болып күйгенімен,
Өзге жан сүйгенімен.
Жүрекке әмір жүрмейді,
Тек сен деп жаным гүлдейді!
Түсіресің жиі еңсені,
Сынағандай шартыңменен.
Еркем, бірақ сүйем сені,
Дәл осындай қалпыңменен.
Мына сілтеме бойынша тікелей көшіре аласыздар: http://www.kazmusic.kz/load/1-1-0-2292