Ұрысапашы анашым, аңқаулығымды айтып...
Мен аңқаумын, аңқаулығымды жеңетін арамдық тапқым келеді. Егер мен елге сеніп, ішімнен ақтарылсам , олар да маған жақсылық ойлап, мені бәрі өзіндей көреді деген ой қалыптасып еді менде... Тіпті олай емес екен. Бәрі керісінше. Елікті қуған арыстанды көргенде қорқау қасқырлыр жемтігінің иісі жақын екенін біліп рахаттанып тұрады емес пе, өмірде де сол сияқты. Бәрі дос көрінгенмен сенің сүрініп кеткеніңді аңдып тұрады екен. Сүрінгенді олжалау оңай сондықтан болар.
Ұрыспашы анашым, бір отбасының түтінін түзу түтете алмай жатқаныма...
Екі баланы екі анама беріп қойып, өзіміз шалқып жүр екен демеңізші. Маған да екі баланың бірге, әке-шешесінің қасында өскені маңызды. Бірақ жұмыс істемесем болмайды, анашым, өзіңіз де түсінесіз ғой. Маған ешкім келіп аузыма ештеңе тоспақ емес. Қыздарымның жәудіреп, ана махаббатын толық сезіне алмай жүргенін білем, бірақ Сіздер де Анасыздар ғой. Тіпті, тіпті оларға менен жақынсыздар. Мен бұдан зиян шекпесем, пайда көрмеймін. Маған шашылып журген отбасы болған ұнамайды... қайтем енді...
Ұрыспашы анашым, өзіңе-өзің қарамайсың деп...
Білем, айыптымын, өзіме қарамайтындығым өзімді тиісті деңгейде сүймейтінім шығар. Әтпесе беті қолым жарылатындай қара жұмыстың жетегінде жүргенім жоқ. Шашым жалбырап жүретіндей бала шағам шулап, жанымды ешкім жегідей жемейді. Бірақ осындай қалыпта жүрем.
Ұрыспашы анашым... ынжықсың деп...
Ынжық емеспін жәй ғана үнедемспін. Әшейінде ауыз жаппайтын адам болсам да өзімдікін дәлелдеуге, өзімдікін растауға бара бермеймін. Ешкімге ақыл да айтпаймын. Ақылымды ешкім керек етпеген соң. Өзімнің сол ақыл айтуға тұрарлық есептемегнігімнен.
Ұрыспашы анашым... өзім де жетісіп жүрген жоқпын.. жылай саламын қазір....