«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жастар халық қалаулысымен кездесті.
блог
Cарыағаш ауданында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жастар халық қалаулысымен кездесті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының депутаты Абдибаев Жомарт Махаматжанович, Сарыағаш аудандық «Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Отаров Нұрғали қатысты.
Кездесуге келген халық қалаулысы жастарға елімізде жүргізіліп отырған реформаларды түсіндіріп, «Нұр Отан» партиясының жобалары туралы және өз өмірлік тәжірибиесімен бөлісті. Аға буын өкілдері жиыл¬ған жастардың ойларын тың¬дап, түрлі сауалдарына жауап бер¬ді. Жастарды еңбектенуге, спортпен шұғылдануға, бос уақыттарын тиімді, пайдалы өткізуге шақырды.
Сарыағаш аудандық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы, Нұрғали Отаров:
Бүгін «Жастар Отанға!» партиялық жобасы аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңында кездесу өткізудеміз. Бұл алаңды ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз жастарды аға буын өкілдерінің үздік тәжірибиесімен таныстыру болып табылады. өздеріңіз білесіздер, жастар ол еліміздің болашағы, ал болашағымыз жарқын болуы үшін аға буын өкілдерінің біздің алаңға келіп, бағыт бағдар беруі дұрыс бастама».