«Ұрпақтар сабақтастығы»: Ардагер Шерім Медеуовтің өсиеті

«Ұрпақтар сабақтастығы»: Ардагер Шерім Медеуовтің өсиеті
жеке
блог

16 қазан күні Шымкент қаласында «Жас Отан» жастар қанатының Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің бастауыш бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Жастардың Шымкент және Арыс қалаларының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Медеуов Шерім атамен «Ұрпақтар сабақтастығы» алаңында кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында ардагер Шерім Медеуов отанымыздың көркеюі үшін ең маңызды болып табылатын құндылық «Тәуелсіздіктің» берік болуы үшін, жастардың білімді, иманды болуы керек екенін атап көрсетті. 
Жастарды «Қазақстан 2050» cтратегиясының мақсаттарына жету үшін стратегияда көрсетілген 7 басым бағытын іске асыруға шақырды.
Ардагер Шерім ата, қазіргі уақытта жастардың арасындағы ажырасу фактілеріне тоқталып, жастарды «отбасы» құрудағы маңызды құндылықтарды түсіндірді. Ардагер атамыз ең үлкен байлық ол отбасы, тәрбиеліде саналы ұрпақ деді. Шерім ата жұбайы Қалдықыз әжемен 2 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, 14 немере, 2 шөбере көріп отыр.