ҮРЕЙ - МЕКЕН

ҮРЕЙ - МЕКЕН
жеке
блог

Көзді ашсам айналам,

Көзге түртсе көргісіз.

Айқай салдым, байбалам,

Жан дауысқа бергісіз.


Жан-жағыма қарадым,

Түнек, өлі тыныштық.

Күйіп-жанып барамын,

Қабір іші тым ыстық.


Сұмдық үрей бойлады,

Өліп қалған екенмін.

Тұрғындарын ойладым,

Мына үрей-мекеннің.


Періштелер сұраса,

Қалай жауап беремін?

Кәлимасыз жыласам

Қайдан сауап береді?


Бойдан иман жоғалса,

Тұңғиыққа тастар ең.

Тіршілікке оралсам,

Бәрін қайта бастар ем.


Қателікті түзетіп,

Әдеп жинап бойыма.

Иманымды күзетіп,

Құлып салып ойыма.


Өлгенім бе шынымен,

Жарық дүние қайдасың?

Шапқылап күн-түнімен,

Көрмей кеттім пайдасын.


Әлсіз дауыс естілді,

Жалт қарадым бұрылып.

Көзім жайнап, ес кірді,

Кетіппін-ау тіріліп.


Шуақ шашып таратқан,

Күн нұрымен құрметтер,

Рақымына Жаратқан,

Асығыңдар үмбеттер!