Уолл-стрит қасқыры
блог
Ең алғаш сату бөліміне менеджер болған кезімде көзімнің бақырайғаны есімде.. Қасымда сарнап отырған балалардың 92-93 жылғы екенін білген кезде өзімнің ұялшақтығым мен сөзді батыл сөйлей алмайтыныма жыным келетін... Кейін түсіндім, мен сайттың не екенін білсем де оны жасату үшін адамды қалай итермелеу керек екенін білмеппін.. Үйреткен сабақтарын ұқпаушы ем, өзімді ол жұмыс үшін қор санағаным есімде... Ал қазір маған сол сабақтарды ақылы түрде оқуға тура келер еді...
Бүгін "Уолл-стрит қасқыры" фильмін көрдім, рас мен жақсы кино екенін естіп барып көргім келген мүмкіндік болмады, дегенмен 3 сағатымды жұмсап қарап шықтым, өкінбедім. Әрине кино +18 екенін еске салып кетейін дегенім ғой. Әрі себеп ол - Лео. Ол түскен кез-келген кино мен үшін ерекше.
Егер сен көп ақша тапқың келсе, сөйле, звонда, адамның көңілін өзіңе аудара біл! Киноның басты мақсаты осы, егер сен байығың келсе бар нәрсені сата біл. Сата алмасаң жолы басқа.
Көп ақша тапқысы келген жігіт Уолл-Стритке жұмысқа тұрады. Ол жерде әр нәрсені үйреніп шыққан кезінде ол акциясын сатқан компания банкрот болып жұмыстан шығып қалады. Басқа арзан компаниялардың акциясын сататын басқа компанияға жұмысқа тұрған кезде ғана ол брокерліктің мақсатын жете түсіне бастайды. Содан ол досы екеуі өздерінің брокерлік компаниясын ашып, акция сатумен айналысады. Ол әр жұмысшыға жұмыс мақсатын үйретіп қана қоймай күнделікті жұмысқа деген құштарлықтарын арттып, оларды жұмыстан басқа ештеме ойламауға үйретеді. Ол солай түкке тұрғысыз акцияларды байларға сату арқылы байи түседі.
Заңсыз жолмен баюдың түбі қайда апарын белгілі, ол да сол түрменің ар жағынан бірақ шығады. Бірақ дегенмен ол брокердің өмірге қажетті маман екенін және ол арқылы баюға болатынына әлемнің көзін жеткізе білді.
Негізі киноны сату саласында, бизнесте, басшылық қызметтерінде жүрген адамдарға көруге кеңес берер ем, рас біраз нәрсе үйренесіз.
P.S. сату бөлімінде жұмыс істеп жүрген кездегі үйренгем ең бірінші қағидам "ұялмау, сен өзің сатып тұрған нәрсенің кереметтігіне өзіңнің сенуің" екіншісі "сен адамның назарын өзіңе 3 минутқа аудара білсең, сенің саудаң жүрді дей бер" . Осы тақырып сізге қызық болса бұрынғы блогтарымды қарап шығыңыз. Пайдасы боп қалар: мына, мына, мына жерлерден. Қазір некені ашқалы өзім істеген ір жұмысымның пайдасы болатын біліп Алла мені әдейі бағыттапты ғой деген ой келеді....