ҮНСІЗДІКПЕН ТІЛДЕСУ

ҮНСІЗДІКПЕН   ТІЛДЕСУ
жеке
блог

 

 

                                   ҮНСІЗДІКПЕН   ТІЛДЕСУ

«Если однажды ты не захочешь 

 никого слышать,позвони мне-я 

 обещаю молчать»

Г.МАРКЕС 

Бір сәтте ұмыт боп күздегің,

Болса егер,денең-өрт,мұз-демің.

 Мен саған көктем боп жетермін,

«Сен мені іздегін!»

 

 Деген ой санамнан шықпады,

Қоңырау... Көтердім тұтқаны.

Бұл сенсің...-үнсізсің,дегенмен

 Ұққаным:

 

Санаңның сәулесін өшіріп,

 -Қонбақ қой,бақ құсың кешігіп?!

Түнменен тілдескің келмеген,

Ақ таңнан болмаған еш үміт.

 

 Бейуақ баз кештің бақыттан,

 Атпапты сен күткен жақұт  таң.

... Жақыннан жылылық болмайды,

 Менің де хәлімді жат ұққан!

 

Жатыңмын! Жаныңа жақынмын.

-Осылай қанша таң атырдың?

 (Өзіңе үн қатпай,ақылдым).

Деміңмен тілдесіп,тек қана...

Ішімнен сыбырлап жатырмын!

      19.11.2013. 23:22

                         Әлия.