Үнсіз сезім

Үнсіз сезім
жеке
блог

    Адам баласы жаратылысынан өте қызық болып келеді. Өз ойын бүкпесіз айтып, жұртпен бөлісетіндер мен қатар қарапайым ішкі сезімдерін білдіре алмайтын, тек үнсіз білдіретін адамдар жеткілікті. Бұл жағдайға әсер ететін заман ба ,әлде, адамдардың өздеріме? Тіпті, қарапайым  "мен сені жақсы көремін ", "сен маған қажетсің" деген секілді сөздерді аналар мен әкелерге, достарына да, кімге болсын айтуға қымсынып, қымтырылатындар жеткілікті. Мүмкін, сол бір сөз сол сәтте айтылса, адамдар бір -бірін жете түсінер ме еді. Адам жанын елжіретер сол ауадай қажет сөздер...

    Мысал: Жанашыры жоқ жалғыз жан жан жарасынан құтылу үшін басқа елге кетіп бара жатыр делік, оның тек жалғыз құрбысы бар.  Жастайынан ешкімге ақтарылып, еш нәрсе айтпағандықтан томаға тұйықтау боп өскен жігіт сезіміне ерік бере алмай, ол қызға  кішкене кезінен жақсы көретінін, дос қарындас ретінде емес, жүрегінің қалауы өмірінің мәні ретінде қарайтынын айта алмайды.Мүмкін, шет елге кетпей тұрып оған деген сезімін білдірсе,  біріншіден, өз бойындағы қорқынышын жеңер еді. Екіншіден,мүмкін ол бойжеткеннің де жүрек түкпірінде оған деген сезімі болар. Батылырақ болып, бойымыздағы үрейді жеңу арқылы, бақытқа апарар жолды табамыз.  

     Ата-аналармызға "осы өмірде бар екендеріне қуанышты екеніңізді, достарымызға "рахмет" айтуды , жақындарымызға жылы лебіз білдіріп тұруды ұмытпайық.