Университетім-мақтанышым

Бүгінгі таңда Қазақстанда сапалы білім беретін университетердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттің қатарына кіреді.
Университет 180 сала бойынша мамандарды дайындайды. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академигі, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері бар. Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар, бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады. Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін үйрену үстінде.
“Рейтинг.kz” атты сауалнама негізінде жасалған зерттеу бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 41,7% жинап 5-ші орында тұр. Қазақ Ұлттық Университеті– мемлекеттік аттестациядан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының Дипломының иегері.
Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттермен алмасу және тағылымдамадан өту бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық университетімен ынтымақтастық жүргізілуде.
Мен осы университеттің студенті ретінде осы оқу орнында білім алуды және өзіңізді жетілдіруді ұсынамын. Себебі, бұл университетте сіздің болашағыңызға көптеген мүмкіндіктер ашылады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Механика-математика факультетінің 1-курс студенті

Жумабек Шынар Бостанқызы

Уразгалиева С.А жетекшілігімен

 

 



Бөлісу: