Университетке түскен соң не білдім?!

«Университетке түскен соң не білдің» деп сұрапты әкесі. Сонда баласының әкесіне жазған хаты:

Университетке түскен соң компютер ойындарын түні бойы ұйықтамай ойнауға болатынын білдім.

Қалтафонның қыздармен танысып, сырласуға қолданылатынын білдім.

Байдың баласы бастық болатынын, ал кедейдің баласы осы университетте қалып мұғалім болатынын білдім.

Сабақтың бәрінен ептеп өтіп кетуге болатынын білдім.

Қайнаған судың тек дайын кеспе (лапша) үшін дайындалатынын  білдім.

Университетте мұғалім болу арқылы айлықсыз ақ байып кетуге болатынын білдім.

Арақты қалай ішу мен темекіні қалай тартуды білдім.

Сабақта жақсы оқитындардың барлығы, жазғы оқу маусымында ақша төлей алмайтындар екенін білдім.

Емтихан күні ғана сабаққа баруға болатынын білдім.

Университетке түскен соң арман дегеннің тек мектепте ғана болатынын білдім.

Бұл жерде ештеңе үйрене алмайтынымды тіпті де біліп алдым.

Жатақхананың махаббат ордасы екенін білдім. 

Алшын МАТАЙ



Бөлісу: