Универсиада қонақтарына құрмет

Универсиада қонақтарына құрмет
жеке
блог

Facebook желісінің блогері Бақытжан Бұқарбайдың куәгерлік еткен оқиғасы мені ғана емес, біршама қазақстандықтарды таңқалдырған іспетті. Б.Бұқарбайдың almaty.today парақшасында жарияланған жазбасында Универсиадаға келген шет елдік қонақтардың келеңсіз жағдайға тап болғандығы жөнінде баяндалады.Толығырақ айтсақ, "Универсиаданың ашылу салтанатынан кейін Орталық алаңға бет алған автобусқа отырғандардың ішінде жалғыз ғана жүргінші жол ақысын төлеуден бас тартады. Оған ерегескен жүргізуші ары қарай жүрмеймін деп қырсығады. Қоғамдық көліктің ішінде шет елдік қонақтар да бар. Бірақ, мұндай келеңсіздіктерге үйреніп кеткеннен бе, әйтеуір адамдардың біразы автобустан сол арада түсіп кетеді. Ал, шет елдік қонақтар не істерін білмей абдырап қалады. Барлығын сырттай барлап отырған бейтаныс қазақ баласы қонақтардың назарын өзіне аударып, оларға қол ұшын береді. Кейіннен анықталғандай қонақтар Канада елінен екен. Олар керлинг спорт түрі бойынша сайысқа түсетін қызы үшін жанкүйер болып келген. Ал алматылық жігіт оларды қыдыртып, кешкі астан дәм татқызады. Қазақтың кеңпейілділігі мен қонақжайлылығына тәнті болған канадалықтар шексіз алғысын білдіруден шаршамаған.

Күллі әлем жұртшылығы көз тіккен байрақты бәсеке-"Универсиада 2017" айтулы шарасының елімізде өтуінің өзі үлкен мәртебе.Ендеше жұдырықтай жұмылып, жайсаң еліміздің абыройын асқақтатып, өзге ұлт өкілдерінің алдында беделіміздің арта беруіне өз үлесімізді қосқанымыз абзал.