"Универге неге түстім екен?"

"Универге неге түстім екен?"
жеке
блог

Мен, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студентімін. Мейлі қиын болсын, мейлі қатал болсын, менің ҚазҰУ-ым — менің мақтанышым! Қаншама заманның дүлдүлдері мен бұлбұлдарының, мықтылары мен таланттарының қанаттарын қатайтқан - қара шаңырағым! Әр заманға жаңа алпауыттар сыйлайтын - ұлы білім ОРДАСЫ! Талай мақталған жерді қалай мақтасам да жарасады ғой, негізі тақырыпқа арқау болсын дедім.


Сабақ басталғанына 1 ай да болмады, ал көптеген студенттердің: "Фу, учеба..", "надоела", "когда закончится  пара?", "Универге неге түстім екен?",  "не xочу в универ, xочу обратно в школу", -деп мектепті қарқ қылғандай кез келген ортада дауыстап айтқанын талай естіген боларсыз? Басыңызға «Жастар-ақымақ!» деген пікір бірінші келді ме, әлде «Қазақстанда қайбір қарқ қылып оқытар дерсің,бейшараларды?»-деп ойладыңыз ба? Осы сөздерді айтқанда әлгі студент айналасындағы халыққа  жайлы қандай «керемет» ойлар сыйлап, түрлі пікірлер қалыптастырып тұрғанын сезе ме екен?

 

      Құрметті,студент!

Сіз, миллиондар жайлаған кең шахардың студенті атандыңыз. Мұндай мүмкіндікке қолы жетпегендер қаншама?  Тарихы терең, Тәңірдің өзі сұлулықты еш аямаған қала - Алматы  тұрғындарының қатарына қосылдыңыз. Бұның өзі бір бақыт емес пе?

Мүмкін, «ақылы бөлімге түстім...»-деп қынжылатын да шығарсыз. Алайда ата-анаңыздың адал еңбекпен, маңдай терімен «балама»  деп тапқан қаржысы ғой. Үлкен өмірге қадам басып, «киіміңіз көк, уайымыңыз жоқ» кезде, отбасы жағдай төмен, ҰБТ-дан құлап, студенттік өмірге аяқ баспаған құрбы-құрдастарыңыды бір сәт ойлаңызшы?  Ал,білім гранттарындағы шәкіртақы алатын студенттері жайлы сөз де қозғамай-ақ қояйын... 
Егер университетіңізде  білім беру жүйесі  аса қиын болып,онымен қоса сіздің бар уақытыңызды алып, күні-түні ұйқысыңызды ұрлап, сабақтар қыдыратын жерлеріңізді шектесе,  - қуаныңыз, шын жүректен қуаныңыз. Себебі, ол жерде расымен де жоғарғы білім бар. Ал, білім бар жерден – білікті маман да, білгір ғалым да, білімпаз дана да шығады. Сіз осылардың ең соңы болсаңыз да, несі жаман?

Сондықтан, ұлылар жүріп өткен ұлы жерде жаңа болашақтың іргесін қалар, мықты ұрпақ болыңыздар!