Үнемдеуге 15 кеңес

Үй иесі әрбір ұсақ нәрсеге мән береді. Төменде ұсынылатын кеңестер ақша үнемдеуге әрі еңбектің зая кетпеуіне септігін тигізеді. 

* * * 

Егер қолданудан бұрын тоңазытқыштың ең суық бөлігіне қойып қояр болсаңыз, май шамдар (свеча) ұзақ жанады. 

Ыдыс-аяқ жууға арналған майлықты (губканы) екіге теңдей бөліңіз. Жартысының өзі ыдыс жууға жеткілікті әрі ақша үнемдеу. Ал уксустың кішкене ғана тамызығы майлықты (губканы) таза әрі ұзақ ұстауға көмектеседі. 

Өзіңіздің сүйікті сұйық сабыныңызды сумен араластырып, екі бөтелкеге бөліп құйып қойыңыз (бос бөтелке табылып қалатын шығар). 

Егер суға азырақ спирт тамызар болсаңыз, гүл шоғы ұзақ тұрады. Ал егер арақ табылмай жатса, хлор тазалағыштардың бірін қосуға болады. 

Соустарды тоңазытқышта басын төмен қаратып қойған дұрыс. Көгеріп кетуден сақтайды. 

Банандарды жеке-жеке сақтаңыз. Банан ұзақ уақытқа жеуге жарамды болады. 

Жуа мен сарымсақты тесігі бар пакеттерде сақтаңыз. Үш ай бойына өзгермей тұра береді. 

Нанның дәмді күйін арасына балдыркөк қою арқылы (сельдерей) ұзақ сақтап көріңіз. 

Ірімшікті (сыр) кесу барысында қолыңызды тигізбеңіз. Саусағыңыздағы бактериялар өнімге жетіп, беті көгеріп кетуі мүмкін. Ең дұрысы, ірімшікті пластикалық пакет арқылы ұстаған дұрыс. 

Егер кір жуу барысында суға бір шөкім тұз тастар болсаңыз, киіміңіз жарқырап шыға келеді. 

Егер қолданбастан бұрын тоңазытқыштың қатты бөлігіне қойып қойсаңыз, колготки мен шұлық ұзақ уақытқа киюге жарайды. Төменгі температура талшықтардың мығымдылығына алып келеді. 

Джинсы шалбарын жуудан бұрын, бір сағатқа уксус қоспаның ішінде (бір қасық) ұстаңыз. Джинсылар өз түсін сақтап қалады. 

Тіс тазалауға тіс пастасының кішкене бөлігін ғана сыққан дұрыс. Ұзын тілкем шығару арқылы өнімді құр бекерге жұмсайсыз. 

Ноутбукті пайдаланбайтын сәтте желіден ажыратыңыз. Сол арқылы батарей ұзақ уақытқа шыдайды. 

Фен ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін сырт жағын шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Бұл феннің күйіп кетуінің алдын алады.



Бөлісу: