Үнемі алдыңғы саптағы жетекші
блог
Аймақ әкімі Д. Ахметовтің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары А. Мырзахметовтің бұйрығымен ауыл шарушалығы министрлігінің агроөнеркәсіп комплексінің мемлекеттік инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша аумақтық инспекциясының бастығы лауазымына, таяуда ғана, бекіген Айбек Каримов Семейдің «Шәкәрім» универститінің агрономия факультетінде білікті ғалым мамандардың және шаруа қожалықтары жетекшілерінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Мақсат: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауында аграрлық секторды Ел экономикасының жаңа драйверіне айналдыру қажет деген тапсырмасынөмір жүзіне асыру үшін жаңа ғылыми проектілерді жүзеге асыру. Төрт түлік мал қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан кәсіби шаруашылығы. Өмір бойы ғұмырларына ішсе тамақ, кисе киім, ауырса ем және баспана жасауға қажетті шикізат болған төрт түліктің беретін өнімдерінің маңызды да мәнді қасиеттерін кеңінен баяндаған А. Каримов, мал өнімдеренің сапалылығы мен дәмділігіне технологиялық жаңғыру жолымен жетісу, кәсіби маманданған ғалымдарға тікелей байланысты деді.Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі орындалуына жетісудің Семей өнірі үшін негізгі шарттары:
-Өнімнің дайындалу сапасын жақсартып, тауарларды тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;
-Еңбектің өнімділігін арттырып, өндірістің шығындарын төмендету;
-Жайылымдық жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру;
-Өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зеттерулерге салынатын инвестицияның көлемін ұлғайту;
Аталған шарттарға жетісудің басты және тиімді әдісі инновация.Инновация деген өнім өндірушінің жаңашылдық қасиеті. Ол әрдайым жаңалық әдістің өндіріске тиімділігіне және құндылығына басымдық береді. Сол себептен әлемнің барлық елдері инновацияны және оның тәсілдерін жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құралы дәрежесіне көтеріп отыр. Айбек Каримов бірлескен инновациялық іс-шараларды жылқы шаруашылығын сараптаудан бастауды ұсынды. Себебі соңғы жылдары жылқы өнімдерін өндіретін жеке кәсіпкерлер өзбеттерінше қарекет жасап, «көлденең көк аттының» айтқандарына иек артып, көрші аймақтардан алып келген, «асыл тұқым» атанған айғырларды жергілікті байталдармен ұрықтандырғандары сапалы нәтиже бермей отыр. Биелердің күнделікті сүт берулерінің көлемі азайған. Қымызға айналған кезде, сапалық қасиеттерінің төмендегенінен, дәмділігі жоғалып барады. Еті мен қазысында да ежелден қалыптасқан құндылық қасиеттері төмендеген. Сондықтан, жылқының беретін өнімдерінің ежелгі табиғи қасиетттерін қалпына келтіру үшін ғалымдардың пайымды кеңестері қажет.
А. Каримов ғалымдар мен кәсіпкерлердің назарын көршілес ағайын, түркімендердің жылқыны «асыл түлік санап, оның ұлттық «бренд» ретіндегі, барлық табиғи құндылық қасеттерін, осы уақытқа дейін сақтатып, өсіріп отырғандығына аударды. Осы тақырыпқа арнап Түркімен елінің президенті Турбангулы Бердымухамадов «Ақалтеке тұлпары-мақтанышымыз бен абыройымыз» атты үш кітап жазған. Ақалтеке жылқысының мүсінімемлекеттік нышандарға енгізілген және жыл сайын сәуір айының соңғы жексенбісі «Ақалтеке» күні деп, Республикалық деңгейде аталады. Түркімен ағайындардың жылқыны туған баласындай құрметтеп, бағып күтуі, біздің де қазақ жылқысының нағыз қазақи асыл породасын қалпынакелтіруімізге үлгі боларлық.
«Барқы»жеке меншік шаруа қожалығының жетекшісі Дәуренбек Барқыұлы екі жүз бие сауып, он бес жыл бойы, қала халқын қымызбен сусындап келеді. Ол, табиғатынан еркіндікке үйренген және уақыты келгенде саууға белгі беретін сауын биелердің, автоматтандырылған құралдармен саууға көшумен байланысты, бойларында қорқыныш және үрку сезімдері үнемі сақталатындықтан, еркін иімейді деген дудамал пікірін айтты. Екіншіден, табиғаттағы кереқарыс экологиялық өзгерістер және ұзақ жылдар бойы жүргізілген атом полигонындағы ядролық сынақтар жердің құнарлылыға мен судың да сапалылығын төмендетті. Үшіншіден, биелердің сүттілігін арттыратын және қымызының табиғи сапалылығын сақтауға ықпал ететін арнайы жем шығарылса деген пікірлерін ғалымдардың назарына ұсынды. Білікті ғалымдар, профессорлар З. Тоқаев, П. Габдуллин, С. Дүйсенбаев қазіргі уақыттағы биенің сүтінің сапалылығы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі, аса қауіпті сырқаттарға шалыққандарға шипалы ем болған, қымыздан көп төмен деп, оның табиғи және экологиялық факторларына тоқталды. Жылқыны асылдандыру мен оның өнімдерінің құндылық қасиеттерінің өсуіне, кәсіпкерлермен пікірлесе отырып, өндіріс пен ғылымның интеграциясын күшейту арқылы жетісуге болады.Басты міндет, заман талабына сай, жаңаны ойлап шығаратын өнертабыстан туындайтын инновациялық технологияларды өндірістік сынақтан өткізіп, тиімділігі жоғарыларын үнемі жетілдіру деп түйіндеді.
Ертістің Семей өнірінің тұрғындары Айбек Каримовті қай салада еңбек етсе де үнемі тың идеялар мен жаңа бастамалар көтеріп, жұртты ерекше ынталылықпен жұмыс істеуге жұмылдыра білген үлгілі жетекші деп бағалайды. Ақсуат, Аягөз аудандарын басқарған жылдары, ол Есбасы Н.Ә. Назарбаевтің кеңесімен дайындалған «мәдени мұра», «халық-тарих толқынында» бағдарламалары шеңберінде, ертерек ғасырларда ғұмыр жасаған атақты батырлардың және дана билер мен шешен-жыраулардың елі мен жерін қорғау жолындағы тұлғалық қасиеттері туралы құнды естеліктер жинап, оларға ескерткіштер орнатып, ұлтымыздың өткен тарихының рухани жаңғыруына айтарлықтай үлес қосты.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап, күйісі кетіп, ескірген Семей шаһарын басқаруға өзі сұранып келгендігін, бес жылға жуық тыным таппай жүргізген, мақсатты іс-шараларының нәтижесі, Семей өңіріне жаңа шырай бергендігін, қала тұрғындары ерекше тебіреніп еске алады.Мысалы, Кеңестер Одағы тұсында дамыған жеңіл өнеркәсіп орталығы аталған. «Семейдің даңқын», болашақта қалпына келтіру мақсатында «Шәкәрім» университетінің агрономия факультетінің ауласына төрт түлік малдың өнімдерінің сапалылығын арттыру және сандық өсуін қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды породалардың жәрмеңкесін өткізетін арнайы алаң салғызған болатын. 2017-2019 жылдары Семей қаласында салынатын архитектуралық және әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер де А. Каримовтың жасатып бекіткен қаланың «бас жоспары» мен «бейбітшілік» аралын көріктендіріп, туристердің «серуендеу орталығына» айналдыру туралы жобасына сәйкес жүзеге асырылмақ.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстанның «үшінші жаңғыруы» бағдарламасын өмір жүзіне асыру шеңберінде Айбек Каримовтың «ұлттық бренд» аталған төрт түлік малдың өнімдерінен жасалған, экологиялық таза тағамдарды экспортқа шығаруды қамтамасыз ету үшін аталған жәрмеңке алаңында сынақтар өткізу туралы жаңа бастамаларына сәттілік тілеймиз.
Серік Төкенұлы
Еңбек ардагері.
Семей қаласы.