Үндістандағы бойы аласа балалар

  Уатерэйдтің жаңа баяндамасында Үндістанда бойы аласа балалар саны өте көп екендігі айтылды.

   Пәкістан және Нигерия  10,3 және 9,8 миллион  бойы аласа балалары бар мемлекет ретінде екінші және үшінші орында тұр.

     Бой қысқалық - баланың екі жасына дейін тамақ жетіспегендіктен болады екен. Сондай-ақ, бұл баланың ақыл-ойына да әсер ететін көрінеді.

    Баяндамада антисанитария мен ластанған су да аталмыш дерттің негізгі салдары екендігі айтылған. Адам өмірінің алғашқы екі жылында іштегі диарея салдары да бой аласалықтың негізгі факторына айналған.

    Аталмыш мемлекетте кем дегенде 76 млн.адам таза сусыз өмір сүреді екен. Сонымен қатар, 774 млн.адам антисанитариялық деңгейде күн кешсе, 140,000-дай бала бір жыл ішінде диареядан көз жұматын көрінеді.

 Ашық дефекация –Үндістандандағы денсаулық сақтау проблемаларындағы ең ауқымдысы. Уатерэйдтің денсаулық және гигена мәселесінің талдаушысы Меган Уилсон-Джонстың айтуы бойынша: «Жарты миллиардқа жуық тұрғын жабдықталмаған жерлерде өлім әкелетін ауру таратып, балаларды түрлі инфекция мен диареяға аса сезімтал етеді» , - дейді.

    «Соңғы бірнеше жылда, Үндістан бойы аласа балалардың санын қысқарту саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. 2006 жылы  48 %- бойы аласа балалар болса, бұл көрсеткіш 2014 жылы 39 %-ды көрсетті»,- дейді қайырымдылық қоғамы.

     Сондай-ақ, Үндістан премьер-министрі Наренда Моди барлық Үндістандықтарды таза су және тиісті санитариямен қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Мақаланың түп нұсқасын мына жерден оқи аласыздар 



Бөлісу: