Үнді фильмдеріне шолу

Үнді фильмдеріне шолу
жеке
блог

1."Наступит завтра или нет" фильмі. Басты рөлде Шакх Рукх Кхан мен Принти Зинта . Бұл фильмнің негізгі мақсаты ертеңнің болар,болмасына білмейсің ,сондықтан да əр күніңді бағалай біл дегенді насихаттайды. Басты кейіпкер жазылмайтын дертке шалдығады,алайда ол еш түңілместен барлығын қуанышқа бөлетуге тырысады. Сөйтіп жүріп ол ғашық болады. Қыз оны басында ұнатпағанымен,кейіннен қалай ғашық болғанын білмей де қалады. Қыздың ең жақын досы бар.Бірақ дос деп жүрген адамы оны жақсы көреді.Өрши келе арада жауапсыз махаббат белең алады. Шакх Рукх Кхан Принтиді жақсы көрсе де оған мен үйленгенмін деп өтірік айтып, досы екеуін қосқысы келеді.Соның мақсатында екеуі түрлі амал қолданып,қызды досына ғашық етуге талпынады. Досы екеуінің арасы енді ыңғайласты дегенде, қыз мұның бəрі жоспарланғанын біліп қойып,ашуланады.Алайда Шакх Рукх Кхан өз сезімін досының орнына білдіру нәтижесінде қызды райынан қайтара алады. Сөйтіп, досы екеуі үйленетін болып шешкеннен  кейін Шакх Рукх Кханның айықпас дертке шалдыққанын жене оның жақында бұл дүниемен қоштасатынын ойламаған жерден дүкен аралап жүргенде дəрігерін кездестіріп қалып, хабардар болады. Екеуі үйленетін күні ол қатты ауырып ауруханаға түседі. Біраз уақыттан кейін жақындарының бəрі жағдайын білуге келеді . Сол мезетте ол өмірден озады. Бірақ ол ешқашан ешкімнің жүрегінен өшпейді. Осы уақыттың қадірін біл , ертеңнің болар болмасын кім білсін!

2."Пока я жив" фильмі. Басты рөлдерде Шакх Рукх Кхан және Карина Капур. Фильм таза,кіршіксіз махаббат тақырыбында. Бұл махаббат хикаясы ауыр болғанымен әрі қарай жылжуға себеп болады. Шакх үнді әскерінде бомбаларды дер кезінде тоқтату ісінде қызмет етеді.Ондай жауапты әрі қауіпті жұмысты ол оқыстан таңдаған жоқ, оны бұл жұмысқа баянсыз махаббат итермеледі. Ол әр жұмысында өлудің жолын іздеді.Бірде ол Акира есімді журналист қызды өлімнен арашалап қалып үстіне күртесін жауып оны ұмытып, тастап кетеді.Акира өте көрікті әрі жас бойжеткен. Ол өзінің қорғаушысын ұнатып оған да ұнаудың амалын іздейді.Алайда ол Шакх Рукхтың күртесінен күнделігін тауып алады. ол жерде бас кейіпкер өмірінің ащысы мен тұщысы, махаббаты және құдайға берген серті  жайлы  баяндалады.Көруге кеңес беремін.