Үнді би өнері

Бүгін Өркен Кенжебек досымның бір твитінде «Биыл үнді киносының 100 жылдығы. 1913 жылы Raja Harishchandra деген қыртым фильмнен бастаған ел бүгінде жылына 1000 фильміңді былай түсіреді» деген жазбасын оқып, бұрыннан үнді фильмдеріндегі билер жайлы жазуды ойлап жүргенім есіме түсті.

Үнді фильмдері дегенде, ең алдымен үнді халқының бөлшегі іспеттес әндері мен билері еске түседі. Әрбір фильм үндінің музыкасы мен биін қосақтастыру салтынан алшақтаған емес. Алайда, билері осы күні тым заманауиланып, әу бастағы негізінен, тарихи құндылығынан, үлкен шеберлігінен айрылып бара жатқан сыңайлы.

Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар. Түрлі қимылдардан құралған би өнерімен ол астан-кестені шыққан әлемді қайтап жинақтап, осы әлемді құрған-мыс. Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен. Қазірде Натья-шастраға негізделген билер ең ежелгі болып саналады. Олардың: Бхаратанатьям, Одисси, Мохиниаттам, Кучипуди, Манипури, Сатрия, Катхакали, Катхак деген түрлері бар. Әрбір би абхинаямен, яғни мимикамен адамның не айтқысы келетінін, ойларын жеткізіп отырады. Және де мудра – саусақтардың орналасу салтын қадағалағау де үлкен шеберлікті талап етеді.

Мұны кеңестік "Хождение за три моря Афанасия Никитина" деген фильміндегі үнді қызымен әңгімелескен жерінде өте анық байқауға болады:

Сілтемемен өтіп көріңіздер: https://kiwi.kz/watch/machgvfeyk7d/ 

Үнділіктер өз фильмдерін биден кенде қалдырмауға тырысқанымен, осы үлкен өнерді көрсете алатын шеберлер азайып кетті. Әлбетте, заманауилық оларға да әсер етпей қоймағаны анық, бірақ осындай құнды дүниелерін миллиондаған аудиториясына насихаттаса дейсің... Бұл тұрғыдан оларға корейлерден үйрену керек ))



Бөлісу: