Үнді асханасынан дәм татыңыздар!(байқау)
блог
Сәлем сөздің анасы демекші, баршаңызға сәлем! Сіздермен қайта қауышқаныма қуаныштымын! Алдымен сіздерді Астана мерекесімен құттықтағым келеді!
Байқаудың бір аптасы артта қалды. Мен сіздермен алғашқы мақсатымның қорынындысын бөліскім келеді. Алғашқы мақсатымда үнді тағымы "джалеби" әзірлеп үйрену керек деген болатынмын.
Әзірлеп үйрендім. Нәтижем жаман емес. Тіпті алғашында қалай шығар екен деп жүрексіндім. Артынша бәрі жақсы болды. Енді дайындалу жолын сіздерге де айтқым келеді.
Бізге ол үшін керек заттар қатары мынадай:
Қамыр үшін:
ұн - 2 стақан
қаймақ - 1 асхана қасығы
ас содасы - 1/4 шәй қасығы
ұнтақ жарма(манная круппа) - 2 асхана қасығы
су - 2 стақан
Сироп үшін:
қант - 2 стақан
лимон шырыны - 0,5 стақан
су - 1 стақан және қуыру үшін күнбағыс майы
Алдымен қамыр жасаймыз. Ұн, қаймақ, ас содасы, ұнтақ жармасын және суды біріктірік қамыр жасаймыз. Қамыр құймақтың қамырындай сұйықтау болу керек. Кейін бетін жауып екі сағатқа жылы жерге қою қажет.
Келесі сироп әзірлейміз. Ол үшін су мен қантты араластырамыз.
Сосын газға қоямыз, қайнағаннан кейін лимон шырынын қосамыз.
Сосын оны отқа қойып, 5 минуттан кейін аламыз.
Тығыз қалта(кулек) тауып аламыз, тіпті сүттің сыртын алуға болады. Ол жоқ болса шприц аламыз. Калташаның ішіне камырды құямыз. Табаның ішіне 3 см болатындай сұйық май құйамыз. Қалташаның ішіндегі қамырды табаға спираль ретінде айналдырып саламыз. 2 жағынын қуырамыз, дайын джалеби алтын-қоңыр түсті болады. Майдың мөлшері джалеби тапаның түбіне тимейтіндей болу керек. Тападан шығарып кішкене майын тамызамыз.
Кейін сиропка 10 секундқа саламыз, табаққа салып суығаның күтеміз!
Астарыңыз дәмді болсын!