Ұнайды маған...

Негізі әр адам өз жүрегінде әлі бала ғой. Жалғыз қалғанда немесе достарыңның, туыстарыңның арасында өзіңізді еркін ұстайтын кездерде әлі де бала екеніңді байқауға болады. Мысалы, мен өзімді көбіне көлікте жалғыз келе жатқанда еркін сезінем. Себебі, басқа адамдарға алаңдамайсың. Өзің қалаған нәрсені істейсің. Жәй маған ұнайтын немесе мені күнделікті бақытты сезінуіме көмектесетін аздаған нәрселер жайлы айтқым келді. 

   - Маған көлік жүргізген ұнайды. Көлікте бір жылдан астам жүрсем де әлі шаршаған емеспін. Алыс жолға шыққан ұнайды, жолда тоқтап суретке түсіп, бір жерлерден алма алып немесе шашлық жеп әңгіме айтып қыдырып бара жатқан ұнайды. Жалпы жолда жүрген ұнайды. 

   - Музыканы көлікте тыңдағанды ұнатам (Бәрі көлікпен байланысты, мақтанды деп сөкпеңіздер). Себебі, музыканы бар даусымен тыңдаған кезде ғана оның кереметтігін сезінем. Көңіл-күйімді лезде өзгертеді. Айтпақшы, өзіме ұнайтын музыканы 5-10 рет тіпті одан көп тыңдау ол менің әдетім. Айтпақшы, мен көбіне рэп тыңдаймын, жалпы бір жанрға байланып қалмағам ұнаса бәрін тыңдауға бармын


   - Кино көргенді жақсы көрем. Ужас, аптасына бір кинотеатрға барғанды дұрыс деп ойлаймын. Әсіресе Imax пен Достық Плаза ұнайды. Себебі кинотеатр сапалы. Ужастиктерден басқасын таңдамай қарай берем, бірақ комикстар мен тарихи ерекше киноларға махаббатым өзгеше. 


   - Сериалдар. Көбіне фантастикалық және корей сериалдарын қараймын. "Сплетница" сериалын 20- рет қарап тастаған шығармын. Қазір 3-4 сериал қатарынан көріп жатырмын. Сериалдардың да пайдасы бар. Мысалы "Сверхъестественное" сериалы арқылы әр халықтың мифтық тұлғаларын біліп шықтым.


   - Елдердің нервысына тиген ұнайды және оны жақсы жасайтын сияқтымын. Кейде, өзімді сондай бір сәттерде риза боп отырғанымды байқап қалам. Әсіресе жолда басқа көлік жүргізулерді жынды қылған ұнайды, әрине, олар правиланы бұзған болса мүлдем.

Әзірге осы, жәй әңгіме болсын дегенім ғой.  Сіз нені ұнатасыз? Мүмкін сізде жазарсыз :) 


Бөлісу: