Мен оны ең алғаш көргенде жүрегім дір еткені рас! Оның қасында өзімді бақытты да сезінетінмін. Күнде көремін! Бірақ міне бүгін оны көрмегеніме 1 ай болды. Сағыныш бар деп айта алмаймын. Білмеймін неге екенін оған деген сезімім сап тиылған сияқтыма, өзіме де түсініксіз! Тұрақсыздық депте ойламаймын. Әдетте достыққа да, махаббатқа да тұрақтымын! Тұрақтымын деген себебім: Бір жанды шын сүйгенмін, бірақ ол бүгінде басқа жанның тірегіне айналған. Мен оған өкінбеймін себебі бізді тағдыр қоспаған және мен оны 3 жыл бойы күткем ешкімді де тыңдамай, ешкімге де қарамай! Мен бір жанды жақсы көрсем беріле сүйем және оған деген көзқарасымды өзім қалыптастырамын да, өзгенің пікірімен санаспаймын! Мүмкін бұл өзімшілдікте шығар. Бірақ менің өмірлік қағидам солай! Барлық қыздың арманындай меніңде арманым біреуге сүйікті жар және ана болу. Бірақ өзіме ешбір жанды осы менің өмірлігім деп таңдай алмаған сияқтымын! Ең қиыны мен оны Өмірлігім деп есептей алмай жатқандығымда! Ол маған күнде ренжиді неге іздемейсің деп. Мен оған қалай айтамын және айтатын болсам оны да жоғалтып аламынба деп қорқамын! Сонда мендегі бұл не сезім түсініксіз?!