Ұмытылып қалған қазақтың ұлттық тағамы - өрметөс

Ұмытылып қалған қазақтың ұлттық тағамы - өрметөс
жеке
блог
 Өрметөс - күйеу бала қонаққа келгенде ұсынылатын  тағам қазір қарапайымданып кеткен. Қазір қой сойғанда оның ішек-құрылысын тастай салады. Олардың өте пайдалы екенін ескере бермейді. Өрметөс – қой төсінен жасалатын тағам. Оны екіге айырып, екі шетін өру арқылы құс қанатына ұқсас қылып жасайды. Бұл күйеу балаға “қанатың талмасын!” деген тілектестікті білдіреді.
 
Қазақтың ұлттық тағамдарын өзге елге танытсақ, сұранысқа ие болтыны - сөзсіз. Алайда, бұндай ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық тағамдарымыз өте көп. Дәстүрлерімізді жандандыра жас ұрпаққа мұра қалдырудың іргетасы.
 
Одан өзге өрметөс ерекше түрде дастарханға сән келтіріп тұрады. Сонымен қатар, өрметөсті өру әр адамның қолынан келе бермейді. Өз ісінің маманы, қолынан бал тамған, нағыз аспаз адам дайындауы тиіс. Өрметөстің дайындауға арналған өзіндік ережелері бар. Жалпы Алматы облысында өрметөс дайындай алатын 10-15 адам ғана бар. Бұндай ерекше тағам түрі ел арасына таралуы тиіс деген ойдамын.
Өрметөс дайындау сырын үйреніп, оны өзгелерге тәнті ету - өте тиімді.
 
Ұлттық тағамдарымыз бен дәстүрлермізді біліп жүрейік, ағайын!