Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер
блог
Қазіргі заманның өзгеріп, дамуына байланысты түрлі салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар қазақ халқының есінен түбегейлі өшіп кетуде. Бұндай салт-дәстүрлер ертеректе маңызы жоғары болғандықтан, болашақта мүлде ұмыт қалмауы керек. Дәстүрдің халық үшін маңызы үлкен, себебі мәдениеттің өркендеуі, ұмыт болмауы салт-дәстүрге байланысты. Осыған орай ұмытылып бара жатқан дәстүрлерге тоқталып өтсек.
Деңгене
Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында көрсетілген "деңгене" дәстүрі. Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішуі керек. Тауыса алмаса, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.
Сыйыт
Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген, яғни, халық тілімен айтсақ, "өлікке түскен" адамдарға марқұмның атынан киім үлестіреді: бас жағына түскенге бас киімін, ортасына түскенге шапанын, аяғына түскенге етігін (шұлғауымен) атап, таза, тұтынылмаған киімді үлестіретін салт болған. Бұған қосымша өзі қатарлас адамдарға басқадай ұсақ киім, көйлек және басқа кәде қоса ұсынады. Егер киімі берілмей, үй-іші қараулық жасаса, аруақ жалаңаш жүреді деген сенім бар. Сол үшін киімдерін немере балаларына таратып береді. Және тағыда бір мағынасы үлкен жаста қайтыс болған кісінің жасын берсін деген ырыммен таратып беретін болған. 90 ға жеткен әже аталардың жалпы үлкен кісілердің киімін жақсы ырымға салып берген. Мағынасы сол кісі секілді ұзақ жасасын деген ырым
Бәсіре
Ұл бала дүниеге келгенде дәл сол мезетте төлдеген құлынды бәсіре деп атайды. Бәсіре ат 4-5 жастағы балаға беріледі. Ол барынша жүйрік, мықты болуы қажет. Көбіне бәсірені баланың өз ата-анасы, нағашылары сыйлайды. Ал бала өз кезегінде оны күтіп, бағып, үй шаруасына бейімделеді. Осыдан бала еңбекқор және ер мінезді болып өседі деген түсінік болған. Сондай-ақ, бәсіре дәстүрінің бала денсаулығына пайдасы мол. Атқа мінген бала кішкентай кезінен шыңдалып, физикалық тұрғыдан мықты болып өсіп-жетіледі екен.
Үме
Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас "үме" деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, тағы басқа көмек көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқаны ел арасындағы "Үмеге келген үндемей қалмайды" деген сияқты мақалдар айғақтайды.
Босаға майлау
Жастар шаңырақ құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын туған туыстары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы уй берекелі майдай жұғымды көптің үйі болсын деген ниет пен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
Құдайданың тұңғыш қайырымы
Бұл, тұңғыш қайырымының нәрселерін тарту мен адамдар арасында жеңілдік жасауға арналған, бәрінде ауыр бір жүйе жүзеге асыратын жағдайдың нәтижесінде пайда болған. Бұл дәстүр, әділдікке, адамгершілікке және қаржылықтың бәрінде адамдар арасында ерекше жеңіс қамтамасыз ететін дәстүр болып саналады.
Әмеңгерлік
Дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген.
Сүт ақы
Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық ауылы құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені «сүт ақы» деп аталады. Ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлерден бөлек қазақ халқының дәстүрлеріне ұқсас салттар бар. Мысалы:Пасха мерекесі қазақ елінде тойланатын наурыз мерекесіне ұқсас.
Атбайлар - Мұныда екі түрі бар.
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туытсра оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты «атбайлар».
«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды
Жарысқазан
Аяғы ауыр келіншектің толғағы басталған кезеңде жасалынатын әдет-ғұрып, салт-дәстүр. Толғақ басталғаннан бастап енесі көрші-көлем, жақын-жуық әйелдерді шақырып, толғағы тез болып, бала ертерек туылсын деген ырымменен жарысқазан береді. Яғни қазанға ет салып, жиюлы жүкті шешіп, көрпе-төсектің бәрін жазып, осы тәрізді ырымдар жасаған. Ол келіннің тезірек босануын тілеумен байланысты ғұрып. Жарысқазан ғұрпының әр жерде әрқалай өзіндік дәстүр-салты бар. Кейбір жерлерде қазанға ет салып, көрші-көлемді шақырып, ет піскенше бала ертерек туылсын деген ырыммен көрпе-төсек, тағы басқаны ақтарып, жазады. Ертеректе аяғы ауыр келіншектің етегін бүріп қоятын болған. Бұл бала ертерек, мерзімінен бұрын туып қалмасын деген ырым. Туылған кезде бүрілген етектің де жібін алады. Ғұрыптың мағынасы осы. Жарысқазанда аталған ғұрыптардың барлығы жасалады.
Ерулік беру
Жаңадан көшіп келген көршілерді үйге шақырып, дастархан жайып, қонақ қылу дәстүрі. Тұрғылықты ауыл тұрғындары жаңа қонысқа көшіп келген отбасы сол ортаға тез үйренісіп, бір-бірімен жақын араласып кетуін ойлап, барынша көмек берген. Ерулік беру дәстүрі адам мен адамды жақын етеді. Ертеде малшылар жаз жайлауда, қыс қыстауда көшіп жүрсе де, қоныстанған жерінен жақын адамдар тауып, бауырмал дос болған. Қазір бұл дәстүр ұмытылып барады. Қалада көпқабатты үйдің тұрғындары бір-бірін танымайды, көршілерінің кім екенін де білмейді. Ауылда да, қалада да жаңа көршілерін шақырып, ерулік беретіндер некен-саяқ.
Бастаңғы
Бастаңғы бұл ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі де бірегейі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткен уақытта қыз-келіншектер жиналып сол үйге бастаңғылатады. Ауыл жастары сол үйге жиналып, сал-серілерді шақырып, ән айтып, айтыс жасап, сауық құратын болған. Алайда бұл жастарды бақылаусыз қалдырады деген сөз емес. Қызға қырық үйден тыйым демекші қыздар мұндай жиынға жеңгелерімен, інілерімен келктін болған. Бастаңғының екі түрлі мәні бар. Біріншісі, жастардың томаға тұйық болып қалмауы үшін, бір-бірімен аралас болуы үшін болса, екіншісі, бой жетіп келе жатқан қыздарды қонақ күтуге, қазан ұстап, дастарқан жаюға үйрету.
Байғазы
Жасөспірім балалар жаңа киім кигенде орындалатын салт. Яғни, балалардың үлкендер тарапынан алатын сыйы. Аяғын басып ауыл үйлерін еркін аралауға жарап қалған бүлдіршіндерді жаңа киім киген күні «байғазыңды алып қайт» деп көрші-көлемнің, бірге отырған туыс-туаған, жақындарының үйіне жүгіртіп жібереді. Алақайлап қуанған бала ол үйлерге барып жаңа киімінің жарастығын көрсетеді. Балалар өздерінің неге келгенін:
Киімімді көріңіз,
Етегіме төгіңіз.
Барар жерім әлі көп,
Байғазымды беріңіз! – деген секілді тақпақ арқылы білтіреді. Ондайда үй ішінде үлкендер отырса баланың бас-аяғына түгел қарап шығып «тууу, недеген әйбәт жарасқан!», «күтіп ки», «құп жарасқан екен!» деген сияқты жақсы лебіздер білдіреді. Сонымен бірге баланың жаңа киіміне байғазы ретінде қолда бар теңге, тана, маржандар тағып береді,байғазы сұрап келген баланың меселдесін қайтармайды. Тіпті ештеңе болмай қалса қолына бауырсақ, кәмпит ұстатып, «байғазың мойнымда» деп, байғазы сұраушы ұл бала болса «байғазыңа байдың қызы» деген секілді сөздермен қайтарады.
Аушадияр
Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Аушадияр деп аталатын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Қазір Қазақстанда аушадияр айтылмайды.
Қарапайым, тұрмыстық сөздерге құралғандықтан, ол тез жатталады:
Аушадияр бір болар,
Жаманның көңілі кір болар.
Ата-анасын сыйлаған,
Ақ шалмалы би болар.
Аушадияр екі дер,
Ержеткеннің еркі дер,
Омырауы толған он түйме,
Қыз баланың көркі дер.
Сірге
Күздігүні бие ағытардағы ақырғы қымызға көрші-қолаңды шақыру кәдесі. Бие ағытар күні берілген қымызды "сірге мөлдіретер" дейді. Бұл дәстүрді өткізу үшін ауылдың ақсақалдары және аналары шақырылады. Ал олар риза болып, алғыс айтады, бата береді. Кейбір аймақтарда бұл дәстүрді басқаша "сірге жияр" деп те атайды.
Қорыта келгенде қазақ халқы тарихқа және салт-дәстүрге бай халық. Бірақ уақыттың суық ызғары көп дәстүрдің ұмытылуына әкелді. Қазіргі таңның өзінде қазаққа тән дәстүрлерді алып, біздің халыққа жат түсініктерді енгізуге тырысуда. Дәстүрдің сақталуы мен оны ұрпаққа жеткізу қазіргі халықтың міндеті. Егер мәдениетімізден айырылсақ онда барымыздан айырыламыз. Дәстүріміз мәңгілік от секілді лапылдап жануы тиіс.
ҚазҰУ, Халықаралық журналистика мамандығы 1 курс студенттері
Жетекші: PhD, аға оқытушы Әлтаева Н.С.