Саша Путря! Бүгінгі ұрпақ танымаса да, Кеңестер Одағы заманын көрген, тәлім тәрбиесін алған аға буын өкілдеріміз бұл есімді естігенде елең етпесі мүмкін емес. Үш жасында ақ елді елең еткізген украин қызы небәрі 11 жыл ғана өмір сүрген еді... .
Нәсілі, ұлты, діні, тілі басқа болса да бүкіл адамзат тарихында есімі мәнгілік ұмытылмас тұлғалар болады. Олардың есімін ұмытуға адам баласының хақыда жоқ шығар, десек те жаңа буын өкілдері ұмытқан, анығырағы танымаған есімдер де жетерлік. Олай болса азғана ғұмырында бүлдіршін жүрегімен бейнелеген суреттері күллі әлемді таңдай қақтырған Сашамен таныс болыңыздар.
Көркем өнер тарихында ойып орын алған жас суретші Саша (Александра) Путря 1977 жылы 2 желтоқсанда Полтава қаласында дүниеге келген. Қолына қалам ұстағанда бар жоғы үш ақ жаста болған болашақ суретші сол уақытта ақ ерекше талантымен көзге түскен. Балалығы өткен үйіндегі оның қолы жетер биіктікке дейінгі ашық жердің бәрі, асүй, шкаф беттері оның қолындағы бояуымен сырланып алғашқы қолтаңбасы ретінде ата анасы есінде мәнгілік сақталып қалды.
Ерекше дарынмен туылған балаларды байқасақ кейде, көз тимесін, болатын бала екен деп жатамыз. Ия, болатын бала ел назарында. Ел бар жерде сұқта бар. Десекте, бұл сұқпа, әлде Алланың берген сынағыма Саша 5 жасында лейкоз дертіне шалдығады. Бала жүрек асқынған дертің аларын сезгенбе, сол уақыттан көрген көрермен көзайымына айналар, философиялық ойға толы картиналарын тізбегін жарата бастады, өмірімен қош айтысар сәттен азақ алдың жаратқан «Сирус» композициясы және «Автопортрет» картинасы оның ғұмырындағы 2279-ыншы туындысы болды. Саша жаратқан обрздардың басым бөлігі ертегі кейіпкерлері, жануарлар және де ең негізгісі үнді азаматтарының бейнелерімен автопортреттер еді.
Алланың дегені болады, ажалға араша түсу адамзат баласының қолынан келмейді. Небәрі 11 жасындаақ Саша анығырағы 1989 жылы 24 қаңтарда Полтава қаласында өмірмен мәңгілік қош айтысты.
Өнер өлмейді!!! Саша өмірден өтсе де соңында мол мұра қалды. 1989 жылдан бүгінге дейін әлемнің он елінде жас суретшінің туындылары қойылған 112 көрме ұйымдастырылды. Австрия елінде болса талантты қылқалам шеберінің құрметіне оның картиналары бейнеленген пошта маркалары жарияланды. Бейнесі мәнгі ел жадында сақталу мақсатын да бес құжжатты фильм түсірілді, деректі хикаят жазылып, балалық шағы өткен бала бақшада Саша Путря есімі берілген мұражай ашылып, ауласына ескеркіш тақта орнатылды.
Полтава қаласында Саша Путря атындағы Балалар көркемсурет галериясы жұмыс істейді. Талантты балаларды қолдау және қорғау фонды тәрепінен өткеріліп келінген жас суретшілер байқауы 2005 жылдан халықаралық байқау дәрежесін алды.
Алланың берген қысқа ғана ғұмырында егдейген жасқа жеткенше біз жете алмайтын асуларды бағындырған, кеудесінде кішкене жүрек қана соққан бұл қызға таңарқамай лажың жоқ. Оның қаламынан туған Бонапарт, Робин Гуд, Ратмир, Шахризада, Роксолана, Митхун, Индира Ганди портреттері сол тұлғалардың жан дүниесін ашып тұрғандай. Әлемге танымал тұлғаларды бала күнінде ақ бейнелей алған жас суретшінің де күллі адамзат баласына танылуы заңды.
Өлімінен соң «Адамға лайықты өмірі үшін» Құтқарушы христ алтын медалімен (1998), «Жер бетіндегі мейірімділікті көбейткені үшін» Әулие Николай орденімен (2000), Үндістанның «Неру бал самити» атындағы халықаралық сыйлығымен (2001) және «Барлықты ұстап тұрушы Құдай» күміс тұғырлы иконамен (2001) сыйлықталған Саша Путряның бұл өмірдегі ең үлкен сыйлығы Алланың бойына дарытқан өнері болды. Жарық жұлдыздай жарық ете сөнген Сашаның есімі ел есінен ұмытылмайды деп ойлаймыз!!!
P.S: Саша Путряның шығармашылығымен жақын танысқыңыз келсе төмендегі сілтеме арқылы жас суретшінің сайтына кіре аласыз: https://putrya.3dn.ru/