Ұмыту қиын-ақ
блог
"Ұмытсаңшы оны!Ұмыт!Алда әлі сан мың торап жол барысында аялар,қолдар бақытыңды жолықтырарсың әлі...Күлімдеп оянар таңдар келер,бұлттанған түндер де өтер.ҰМЫТ!Жаныңды босқа қинама!"
- Ұмыт деймісің?!Ұмыта алсам осындай жағдайға душар болар ма ем?!Ұмытуым мүмкін болмаған соң жабырқаумын.Күлімдеп атар таң деймісің?!мен таң түгілі ұйықтауды ұмытқалы қашан?! Қалай күлу керек екенінде ұмытыппын.
"Ілгері жүр,кейінге қарай тартыншақтамай!неге ілгері қадамыңды нық басып,өзіңе өзің дұшпан емессің ғой жаныңды қинамай бәрінде кейінгі өткенмен қалдыр.иә,сол дұрыс солай жаса"
- Ілгері басып,көзімді жұмып бәріне қол сілтегелі қашан?!бірақ...бірақ бәрі көзге көрініп тұрғандай,ойлайтыным тек сол...
"Ең болмаса сыр ақтарып жаныңды жегідей жеген бұл азаптан арылсаңшы?Осыншама солардай не болды өзі?Әлде сезімнен қашқақтаймысың?
- Құрбыға да досқа да аян жан жарам...мен жалықпаған сезімнен олар жалыққандай,маған аянышты көзқарас танытатын болды,содан соң айтпауға бел будым.Мен махаббат дертіне шалдықтым,емім де емшім де тек сол ғана.Одан өзге ешкім көмектесе де алмайды.Солдым иә,мен солып барам...Қайтейін,қолымнан ештеңе келер емес.Мен оған керек болмағандай әлемде маған керексіз болып қалды...Қашқақтайтын мен де ол да емес...тек ол мендік сезімнен шалқақтап,асқақтағаны болмаса...