Ұмыттыңдар мені де...

Ұмыттыңдар мені де...
жеке
блог

Мәжнүн жайлы жазылмасын жыр енді,

Мен жайлы аңыз айтпайды осы ел неге?

Іздемеңдер Ләйлі сынды гүл енді,

Іздемеңдер ондай асыл пендеге.

 

Ғашық едім жанарына бір қыздың,

Ол жайлы әлем емес еді хабардар.

Арманына айналып ем мың қыздың,

Бола алмадым Саған жар.

 

Бір кісідей жыр жазар ем мен осы,

Бір кісідей айтар едім әнді де.

Біздер жайлы айтылмайды неге осы,

Күбір-күбір әңгіме....

 

Жылуыңа жүргеніммен еріп мен,

Сонда дағы шын ғашық жан емес дер.

Біздер жайлы жазылмайды неліктен,

Романдар... Повесттер...

 

Өзге тілде жырларымды төгер ем,

Өзге елде таныстарым жоқ әттең.

Өзіңе деп жазып едім көп өлең

Онымды да баспай қойды газеттер.

 

Мәжнүн жайлы айтпаңдаршы өтінем,

Одан артық сүйіп ем ғой егіле.

Бірер айға көздеріңнен кетіп ем,

Ұмыттыңдар мені де.....

Шынымен....