Ұмытамын деген сезімім!
блог
Осыдан ұзақ уақыт бұрын дауысы жағымды жігіт сені ұмытамын деп жазғанмын.Ол кезде ұмыту оңай еді.Себебі сезімнің тек ұшқындары ғана пайда болған кез еді.Ұмытамын деп жүргенде тағдырма кездейсоқпа әйтөгір екеуміздің жолымыз тоғысып қалды.Күнде жанымда жүргесін жабырқауды ұмыттым есесіне сезімім өршіленіп бара жатты.Екеуміз бірге өткізген талай қызықты күндер есімде.Ойласам еріксіз жүзіме күлкі үйірледі.Ол сыйлаған шоколадтың дәмі таңдайымнан әлі кетер емес. Әлемдегі барлық шоколад атауынан тәтті көрінетін.Мен үшін екеуміз бірге жүрген көшелер шамсыз да жарық болатын.Ал бірге тыңдаған әндер сондай көңілді әрі қымбат еді .Өзге жігіттің жаным деп жазған хатынан оның бір жымиғаны қаншалықты артық екенін ол тіпті де сезбейтін...
Айналаңа назар аударып қарасаң қайтеді?
Маған көптен бері сөз айтып жүрген бозбаладан келген ашулы хат.Бар болғаны осы сөзді жазыпты.Ұзақ ойланып келіп,жауап жазуды ұйғардым.
Ренжемеші жарқыным!Мен айналамдағылар түгіл жанымда жүргендерді назарға іле алмай жүрмін.Есінен айырылған есалаңдай ол қай жерден жолығып қалар екен деп алаңдаймын.Өзгемен сөйлесуге де именемін оған опасыздық жасағандай.Өзімді қинап оны ұмытамын деп өзгемен сөйлесе бастасам денем тітіркеніп өзімнен жиіркене бастаймын.Мені сүйетін жанның мені сүйе алмайтыны өкінішті.Ұмытуға тырыспаған ұмытпайды дейді ғой.Мүмкін менің ұмытқым келмейтін шығар.Қолымнан түкте келмейді.Айып етпе көңіліңді қалдырсам!Бұл осыдан төрт ай бұрын жазылған хат еді.Осы сөздерді жазу мен үшін расымен ауыр болды.Себебі ол жігіттің де жазығы жоқ болатын.Амал не?Өзгеше мүлдем болмады.
Мен оны шынайы сүйгем ем.Бойындағы барлық кемшілігіне қарамастан.Көңілінің өзге де екенін білсемде еш ренжеместен.Тіпті сүйіктісінің жүрегін жаулауға кеңес беруші едім.Менің ұнатамын деуге дәрменім жетпесе де оның сүйіктісіне сөз білдіруіне өзім себепші болып ем.Біреу жамандаса жаным қалмай жақтап,дипломсыз қорғаушыда болатынмын.Жанарынан жылулық тауып әлемдегі асылға балағам.Жан дүнесін зерттеп барлық қырсық,қыңыр мінезімен қабылдап шынайы ұнатып ем.Қуанышына қуанып,жеңісіне мақтанатынмын.Даусын тыңдап тынығып,жанарына үнсіз ұзақ қадалып қуат алушы едім.Екеуміздің қол алысып танысқанымызға да ұзақ уақыт өтіпті.Түсіме енген талай түндер,ойымда жүрген ұзақ күндер.Біреулер шыр етіп дүниеге келіп,енді бірі жалғанды қимай дүниеден өтіпті.Жақсы көргендер сүйемін деп сөз айтып,түсінбедің деп тұнжыраған кездер.Құрбыларым сенің орыныңда болсам ана жігітпен сөйлесіп көрер едім.Ол сондай сымбатты сен ұнататын есерсоқ секілді ұсқынсыз емес.Ай бірақ сен сөз тыңдамайсың ғой,ауылдың қара баласының қаншалықты жақсы екенін айтып ақталасың.Басқалар осы уақытта бес жігітті ұнатып бір жігітпен жүріп тастады.Жаным құрбым ұмытшы оны деп өтінген көктем,жаз,күз,қатал қыста аяқталып келеді.Осы уақыт аралығында көп деген қимас қоштасулар,жаңа кездесулер болды.Көп деген өзгерістер орын алды.Алайда оған деген аппақ сезімім өзгермепті.Оған қанша ренжегім келсе де қолымнан келмейтін.Десе де үш күнде қатты көңілім қалды.Тура жан дүнием бос қалғандай реніш те сезім де жоқ.