Ұмытамын!

Тағы бір күн өзіңсіз өте шықты.Күндер зулаған сайын  менің саған деген сезімім де өршіленіп бара жатырғандай.Екі жыл  бойы ешкімге бермеген жүрегімді сен келдің де бір ақ сәтте  жаулап алдың.Сені алғаш көргені сәтте ақ жүрегімде жылулық пайда болды.Мөлдіреген көздерің,әдемі даусың ,жай ғана жымиғаның  менің тынышымды қас-қағымда  ұрлап алды.Сенің алдыңа барған кезде неге екені қайдам бірақ мен еш ақылға сыймайтын тіпті өзімде түсінбейтін әңгімелер айтамын.Мінезіңнің темірдей ауырлығын,жүрегіңнін сәбидің жүрегіндей нәзік екенін көздеріңнен ақ ұғамын.Домбыраңды қолыңа алып, әсем  әндерді қоңыр даусыңмен  күмбірлете айтқан кезде жүрегімнің қалай езілетінін білсең ғой.Сені тура он күннен соң ғана көретінімді ойласам көңіл-күйім түсіп мазам кетеді.  Құрбыларым ол сенің махаббатыңа лайық емес ұмыт оны.Сені оған қимаймыз  ол нашар жігіт дегенді жиі айтады.Сен оларға өкпелеме өйткені олар менің бақытты болғанымды өзімді сүйетін азаматты жолықтырғанымды қалайды ғой.Білемін бәрінде жақсы түсінемін. Екеуіздің бір бола алмайтынымызды  сен үшін біз  жай ғана дос екенімізді айтпай ақ түсінемін.Тек сонша уақыт күткен махаббатымның  көктемде басталып көктемде  жауапсыз аяқталғаны өкінішті...

Бұл менің саған жазған алғашқы және соңғы хатым.Соңғы бұл сөзді жазу қандай қиын екенін білсең ғой.Амал не?Ұмытамын деп шешкесін түсімеде көрмеймін,жалғыз қалған кезде ойыма да алмаймын.Қош бол даусы жағымды,жанары мөлдір  жігіт!



Бөлісу: