ҮМІТТЕНГЕН ҚОЛ
блог
1999 жылы бұл оқиға және әсерлі сурет әлем бойлап тарап кетті. Ультра дыбыстық тексеру уақытында АҚШтық әйелдің омыртқасында кемшілігі бар сәби тууы белгілі болады. Дәрігерлер бұл диагноз сәбидің ешқашан жүре алмауы және отыра алмауынан хабар беретінін айтқан болатын.
Хирургтар өте күрделі және қауіпті болған отаны жасауға бел буады: олар әлі туылмаған сәбидің омыртқасындағы кемшілікті ана қарнында ақ жоюға және сәбиге өмір сыйлауға әрекет етті.
Өте қауіпті болған ота сәтті аяқталды. Ота соңында кенеттен кесілген жерден сәбидің қолы шығып, көмек сұрағандай хирургтың қолын қысып алады.
Бұл өте әсерлі суреттер отаны суретке алып жатқан фототілшінің кадрларына түсіп қалады. "Үміттенген қол" деп аталған сурет әлем бойлап танылды. Сәтті аяқталған отадан соң 1999 жылы 2 желтоқсанда Сэмюэль Александер Армас дүниеге келді.
Қазір Сэмюэль 16 жаста. Өзінің омыртқасындағы болған кемшіліктерге қарамастан, хирургтардың өз уақытында көрсеткен көмегінің арқасында бүгінде оны бақытты жан деп атауымызға болады. Сэмюэль спортпен шұғылданады, баскетбол жарыстарына қатынасып алғашқы кубогында иеленді.