Үмітсіз шайтан ғана...

Үмітсіз шайтан ғана...
жеке
блог

Өмір - қиын,қатал, дегенмен қызығы мол қымбат нәрсе. Әркімнің пешенесіне жазылған тағдыры бар. Біреу шыр етіп дүние есігін ашқанда-ақ, тіпті кейде ашпас бұрын жағдайы жасалып, қарастырылып қояды. ал кейбіреуі нөлден бастайды. Әркімнің өз *СТАРТ*ы бар. Адам болып келген соң, Аллаһ нәсібімізді де жазған. Дегенмен бақыт бар адамзатқа теңдей қылып бөлінбейді. Біреуден алып біреуге береді. Бақыт,барлық дегеннің өзі сынақ, бағалай білмесең жоғалту оп-оңай. Бірінші байлығың денсаулығың, бір денсаулық барлығына жете қоймас, сабыр мен төзім керек. Екіншісі бойыңдағы мейірім мен жүрегіңдегі иманың. Жоғалтып алма, шайтанға азғыртып алма. Үшіншісі ата-анаң.отбасың. Бағалай біл, құрметте,сүй,сыйла. Неге ол үшіншісі деген сұрақ туса, жауабы, ол бәрінде бола бермейді,әрине денсаулық пен мейірім де бола бермейді ғой,дегенмен денсаулықты күтіп , мейірімді туғызуға болады. Өсе келе өмірдің қандай қиын, арпалысқа толы екенін көресің, Біреуді жоғалтасың, алданасың, ерікті-еріксіз құлайсың, сатқындықты кешесің т.с.слардың куәсі ғана болып қоймай,иесі болатын да сәттер аз болмайды. Дегенмен, атқан таңға, егеменді еліңе, дініңнің амандығына тәубе етіп, бір Аллаһтан медет сұрауды білейік. Өткен күнге тәубе, келген күнге шүкір, көретін күнімнің нәсібінен қақпа деп тілейік. Бір Аллаһтың қалауында бәрі де! Ниетімізге қарай нәсібіміз, Ағайын!