Үмітпен...

Үмітпен...
жеке
блог

Достар, сіздермен Massaget.kz порталы арқылы жүздеспегенімізге көп болды. Оған өзіндік себептеріміз де жоқ емес. Дәл қазір "Жол" атты альбом жазу үстіндеміз. Одан бөлек, екі ән, бір күйімізге бейнебаян түсіру жоспарда бар.

Жылқы жылы біз үшін сәтті басталды деуге болатындай. 

Кеше ғана "Қазақстан" арнасындағы "Қазақстан дауысы" жобасы өз мәресіне жетті. Соло-домбырашымыз Мақсат Хасанов Шахаризат Сейдахметті сүйемелдеген болатын. Шахаризат жобаның жеңімпазы болып танылды! Осы жеңісте біздің де бір үлесіміз бар болғаны үшін қатты қуандық. 

Мақсат пен Шахаризат

Тағы бір қуанышты жаңалығымыз – Фархат Шәріповтың "Инопланетяне ни при чем" фильміне саундтрек ретінде "Knowledge" атты әніміз таңдалды. (Әннің авторы: Нұржан Тойшы, Музыкасы: Нұржан Тойшы, өңдеп, орындаған: "Aldaspan" тобы).


Бұл фильмді көрген де боларсыздар. Өйткені премьерасы желтоқсан айында өткен болатын. 

Әр күнге үмітпен аттанып, "Аldaspan" тобы қадамдап алға басып келеді. Адамда арман мен биік мақсат болса, бастысы үміттене білсе, жол өзінен-өзі ашылады екен.

Сіздерге де сәттілік пен қуаныш, үкілі үміт тілейміз! 

Басты суретте: украиналық жанкүйеріміз, қалған суреттер: meloman.kz, vk.com сайттарынан алынды