...Үміт те сол сияқты...
блог
***...адамдар «КӨҢІЛ» дегенді бірінші орынға қойып, әр күнін «санасыз» өткізуден аулақ болса, мейірімді болып, «СЕЗІМДІ» бағаласа, өмірімізде «КҮЗ» ұзақ болмас еді...
***Бұрынғы заманның "Қозысы мен Баяны", «Төлегені мен Жібегі» болған, оларды бұл заманнан іздеудін қажеті жоқ! Біздің заманның "Айжаны мен Берігі", "Бектасы мен Шұғыласы"... бар...
***Қадыр Мырза Әлі: «Жөтеліңді жасыра алмайсың.»-дейді. Махаббат та сондай. Өзі - ақ АЙҒАЙЛАЙДЫ. Бірақ соны еститін ҚҰЛАҚ болса...
***Көзім көріп тұрғанды толық түсінбеген көнілім, кейде сараланбаған ойларды сөз арқылы жарыққа шығарып қояды. Жүрек одан хабарсыз...
***Кәрі күздің қоңыр күрсілінен үзіліп түскен жапырақ сынды жаным қонарға жер таппай жүр...тағы бір күн бітті...қайтып барамын, бұйырса ертең оралар мекеннен...
***«Баспалдақтан жоғары шыға білген адам, төмен түсе білуі де керек!» Қанша ұзақ шықсаң, сонша ұзақ түсесің. Бірақ қазіргі заманда лифт бар. Жылдам шығып, жылдам түсесің...
***Алыстан бір жары-ы-ық жұлдыз көрінеді, кешке таман. ...үлкейеді, кішірейеді. Қарап тұра берсең, жақындайды және жақындай түседі. Бірақ ол жұлдыз емес, ұшақ...жарқырап жақындай келе, төбеңнен ұшып кетеді. Кей үміт те сол сиякты...
***Өмір-фотоаппарат сынды болса ғой, қалаған суреттерімізді ғана шығаратын... Онда,өмір тым тәтті кәмпиттей болар еді. Дегенмен де, тәтті кәмпитті көп жесең, тісіңді ауыртатынын ескерсек, өмір осылай-ақ қала берсін. Кей кезде ащы дүние де керек. Демек, өмір-әділ!
***Шыбын да бекер ұшпас... Керек болармын алі де...біреуге...бәлкім...
***Арайлап, еркелей атқан таңды, жаңа күнді жаңа бір үмітпен қарсы алмай жатып,батып бара жатқан күнді көремін. Уақыт-ай, бір сәт тізгініңді ұстатсаң етті...
*** Көңіл қалауы, армандарым, тілектерім тек түсімде ғана орындалып, көргім келген жандарды тек түсімде ғана көретін болсам, өмір бойы ұйықтауға дайынмын. Шынтуайтында, оянғым келмейді. Бүгін де солай болды...
***Егер «сағыныш» деген болмаса, адамдар бірін-бірі іздемес те едә, сабылып қоңыр күзге сыр шертіп, үзілген жапырақтарға жаны ашып, күз жаңбырымен қосыла жыламас еді... Өйтпесе, өмір мәні де болмас еді... Мен сені үмітпен күтемін, Күзім менің...
***Күнімнің сәтті өтеріне кепіл болатын бір үмітті көрсем, қуанар едім. Және ол үмітті көрдім де...шүкір.
*** Тырмысып, тыраштанып, әйтеуір әркім өмірдің тауына әртүрлі жолмен шығуда. Ұшып шығады бүркіттей, жыландай жорғалайды, енді бірі жорғалап бара жатқанның арқасына жармасып, «арамтамақ» әдісін тиімді пайдаланып...ебін тауып сүріп жүрген бір өмір. Досты сатып, туысты ренжітіп, сүйіктіден айырылып, өзге жұртқа жақсы көрінемін деп, нағыз саған керек адамдардан айырылып қалып жүрген жүріс және бар. Жұмыс жұмыспен, ақша ақшамен, байлық өз орнымен, алайда, көңілді, адалдықты, сенімді сатып ала алмаймыз ешбір байлыққа да! Ол дәлелденген дүние! «Көп алдында бір рет жарқ етемін деп, сөніп қалма,»-дейді қазағым. Рас!
***Мен сенсіз сары жапырағы жетіспейтін күздеймін, аппақ қарсыз қыстаймын, самал желсіз көктемдеймін, жайнаған гүлсіз жаздаймын, көнелерден қалған «құнды» саналатын, бірақ ешкім ашып оқымайтын мағынасыз кітаптаймын... P.S. неге осы бәрін күзден бастайды екенмін?
***Ойлағаным ойлағанымдай болмағанда, ендiгi жерде ешнәрсенi ойлап, ойыма алмай-ақ қойсам ба деп ойлаймын...
***«Үп» еткен үмiттi қиялым қияға алып ұшты... Қиял-ау, көңiлдi алдамасаң еттi? Жабырқау жүргенi жеткiлiксiз бе?
***Жұтып жүрген ауаның, бойымдағы бір түйір қанның, жүрегімнің әр лүпілінің есебін менен алмағанда кімнен алады Жаратушы? «Нәпсінің жетегіне еріп, алдаусыратқан дүниенің қызыл-жасылына құмартып, ақылды ақшамен өлшер заманның құрбанымын» деп мүләйімсіп, мүсәпір кейіп танытудың да шегі бар болар?! Айтқаным-анекдот, тыңдағаным-Тимберлейк, оқығаным-Оскар Уайльд, үйренгенім-үй шаруасы, иланғаным-интернет, ішкенім-іңірдің іріткісі, жегенім-жасанды жемістер, білетінім-бес жасар баланың білімі... Не бітіріп жүрмін осы мен?!
***Сыбырлаймын деп,айгайлап койыппын...калкалаймын деп, жасырып койыппын...
***Өмір, сені сүргім келеді!!!