Сөзім басқа, ісім жат, өзім бөтен,
Ұғына алмай барамын өзімді-өзім.
Арманыма, Жаратқан-ау, қашан жетем?...
Тізгіндей алмай келеді сезімді төзім.
Мөлдір мұңды серік қып, жабығамын,
Атқан таңнан бір үміт күткендеймін...
Есім жиып, оралайын, жалынамын,
Уайымның құз түбіне кеткендеймін.
Менің күйім тағы күз, тағы жаңбыр,
Түсіп жатыр жапырақтай саударып.
Сынып калган арманымды алма, қалдыр,
Сағынышпен аламын өзім құрап...
***
...үміт, расында алдамшы сағымсың,
Кей кезде жайқалған бағымсың.
Армандар жүректі кернемей,
Шіркін-ай, үмітке бағынсын...
***
...Қыс қатты болғанмен,
Онда бар аппақ ұлпа қар.
Бақыт құс қонғанмен,
Бақытсыздық деген және бар...
***
Махшардағы халді бір сәт ойласам,
Жаным тырнақ ұшына кеп тірелед.
Әншейінде маза бермес ми, жанға,
Салмақсыз тіл сөз таба алмай күрмелед...