Үміт

Үміт
жеке
блог

Сылдырап  асу өзен аққанменен,

Маздатып үміт отын жаққанменен,

Бітпейді бұл өмірге  өкпе-реніш,

Қаншалықты жылылықпен жапқанменен.

 

Іздегенді оңайлап-ақ тапқанменен,

Жан-жағыңа бәріне жаққанменен.

Бұл түнің таласады шынында да,

Арайлайтын ертеңгі ақтаңменен.

Әлпештеп сәбиіңді баққанменен,

Бал тілінен тәтті дәм татқанменен.

Өскеннен соң қарайламай кетсе егер,

Секілді ғой қасқыр сені қапқанменен.

 

Қуат болып бойыма, ертеңге деген үмітім,

Ашсам деймін өмірде, мол білімнің кілтін.

Өлеңменен өрнектеп,армандаймын күні-түні,

Сүрінсем де жығылмай,жібін үзбей  үміттің.

Шығар биік алда деп,өзімді-өзім қолқалап,

Көңілді қатқан үмітім.