Ұлыбритания баспасөзі

Ұлыбритания баспасөзі
жеке
блог

   Адам баласы жаралғалы ақпарат арқылы өмір сүріп келеді. Аумалы-төкпелі ғасырда да, бейбітшілік заманда да ақпарат таратудың түрлі тәсілі болған. Ерте кезеңдерде молдалардың уытты уағыздары мен шешендердің көркем сөздері арқылы да ақпарат тараған. Бірақ, уақыт өте келе зерттеушілер арасында «Ең алғашқы газет қайда пайда болды ?» деген сауалға түрлі пікірталас туындады. Бір тарап Германияда десе, бір тарап Ұлыбританиядағы «Уикли Ньюс» газетін айтады. Бұл газет 1606 жылы Бирмингем кітапханасынан табылды. Бірақ, мардымды мәселе мен ауқымды ақпарат қамтылатын газеттер I Карлға ұнамады. Ол 1637 жылы цензура туралы заң шығарып, ақиқаттың ашық айтылуына тосқауыл қойды.

   Ұлыбритания журналистикасының қалыптасу мен даму кезеңдерін революцияға дейін, революциядан кейін деп бөлуге болады. Ағылшын революциясы тұсында журналисттер сөз бостаңдығына, ой бостаңдығына толықтай қол жеткізе алды. Газеттерге еркіндік жақсы әсер етті. Халықтың қызығушылығы оянып, тираж көлемі артты. Бұл өзгерістер баспасөздің дамуына үлкен әсер еткені сөзсіз. Мысалы, революцияға дейінгі журналисттер сауда-саттық жайлы ғана жазса, революциядан кейінгі газеттер саяси күрестің бағыт-бағдары жайлы сөз етті. Мақалалар мен памфлеттер де адамның бас бостаңдығы жайлы, адамның жеке бостаңдығы жайлы жазылды. Осы тұста халық арасында «Журналистика – қуатты күш» деген сөз пайда болды.

   Ұлыбритания журналистикасы революция кезінде қарқынды дамыса, заман өзгере келе, газеттерді жеке тұлғалар басқарған уақытта әлсірей бастады.Монополия майталманы Рой Томсон 1953 жылы «Скотсмен» газетін алса, 1959 жылы 18 газетті өзіңе қаратты. Ал, 1967 жылы ормандай оқырманы бар «Таймс» мен «Санди таймс»-ты иеленді. Газеттердің жеке адамға өтуі өз әсерін берді. Көптеген басылымдар «сұмдық» тақырыптарды қойып, болмашы мақалаларды шығара бастады. Түрлі газеттер «саржағал» басылымға айналды. Басылымдардың тиражына қарай, жарнама құны да өсті. Осы жылдардағы дағдарыс газеттердің арзандауына, оқырманның азаюына әкеп соқтырды. Жалпы, монополия сөз еркіндігіне кері әсерін тигізді. Тәуелсіздік жоқ жерде «Журналистика – қуатты күш» емес...

   Таралымы мен оқырманы көп «Таймс» газеті Ұлыбританияда қай уақытта да өзектілігін жойған жоқ. Джон Уолтер ашқан газет атауын өзгертсе де, сұранысты жоғалтқан емес. Күнделікті шығып тұратын газет 18-20 беттен тұрды. Бұл газет саяси қақтығыстардың ортасында болды. Басылымның басты ерекшелігі де осы. Саяси тұлғалар «Таймс» арқылы бірің-бірі төмендетсе, Ұлыбритания осы газеттің кесірінен Қырым соғысына қатысты. «Таймс» газетінің айрықша ерекшеліктерінің бірі – журналисттер. Қаламының қарымы жүйрік журналисттер халықаралық жиындар мен конференциялар да бұл газеттің абыройын көтеріп келеді. Үшінші ерекшелік хабарлардың дер кезінде шығуы. Ұлыбритания газетінің тарихында «Таймстың» бәсі биік, орны жоғары.