Ұлы Отан соғысының ардагері Пелагея Гвоздиковаға көмек көрсетілді

Пелагея Степановна Калинин облысында (қазіргі Тверь) 1922 жылы дүниеге келген. Мектептен кейін 1939 жылы Г.Плеханов атындағы фабрика-зауыт оқыту бойынша курстарды бітірді, соғыс басталғанға дейін тоқымашы болып тоқыма фабрикада қызмет атқарды. 1942 жылдың көктемінде оларды Грузияға – Гагра ауданындағы Пицунда кеңшарына көшірілді. Сәл кейіннен 20-жасар Пелагея Гвоздикова Гагра әскери комиссариатымен 151 зениттік артиллерия полкіне әскерге шақырылды.

«Соғыс кезінде Күнгей Кавказ майданында байланысшы болдым, үш жылым бір полкіде өтті. Бұл өте азапты әрі сұмдық уақыт болған. Жеңіс туралы хабарды 1-ші Қиыр Шығыс майданында естідім, 1945 жылдың қыркүйегінде әскерден қайтардым. Бейбіт заманда ғұмыр кешетін бақытты жансыңдар, осыны бағалай біліңдер. Жастар бізді ұмытпай тұрғандарына алғысымды айтамын, өйткені біз де өз кезінде бейбітшілік пен болашақ үшін шайқастық», -  деп Ұлы Отан Соғысының ардагері Пелагея Гвоздикова бөлісті.

Тың игеру жылдарында ол жұбайымен бірге Қазақстанға Ақмола облысы Қосшоқы бекетінің темір жол құрылысына келді, кейін Володаровский балалар үйінде жұмысын атқарды. 1977 жылдан – зейнеткерлік демалысқа шығып, үш баласын – екі ұлы мен қызын тәрбиелеп өсірді.

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Көкшетау қаласының әкімдігі қолдауымен еріктілер егде әйелдің ауласындағы қарды жинап, суын тасып берді. Көшеден жиналған барлық қарды арнайы ауыр техника көмегімен қала сыртына шығарды.



Бөлісу: