Тариx беттерінде "Ұлы Отан соғысы" деген атпен танылған бұл соғыс 1939 жылы басталған болатын.Әлемде тек ақ нәсілділер ғана өмір сүру керек,дәлірек айтқанда германдықтар ғана барлық жерге билік етуі шарт деген мақсатта қаніпезер Гитлер «Барборосса» атты соғыс жоспарын құрды.Осы жоспар аясында әлемді дүр сілкіндірген , көптеген жер бетіндегі мемлекеттерге айтарлықтай зиян келтірген соғыс оты тұтанды.1941 жылдан бастап шабуыл күштері тарапынан сол кездегі отанымыз ұлы Ресейге қауіп төне бастаған соң,империя құрамындағы 15 мемлекетте өз әскерлерін соғысқа аттандырды.Әрине,оның ішінде соғыс тактикасын,тіпті қару ұстауды білмесе де,барынша көмек беруге тырысқан патриот азаматтарымызда болды.Олар қазақ елінің қойдай жуас xалық еместігін,көз тоймас батырлығын көрсеткісі келіп жауларымызбен аянбай күреске түсті.Соның салдарынан біраз батырларымыз соғыс басталған уақытта дүниеден озған болатын.
Жалпы алғанда "Ұлы Отан"соғысына Қазақтаннан алынған 3,5 мың адам адам болса,солардың бірі менің атам Қошаев Тоғызбай. Осы сәтте атамның соғыс уақытысында сенің үйде жалғыз екенің ескерілмейді,сенің жасың маңызды емес,ең бастысы 18 ден ассаң болды"-деп айтқан әңгімелері есіме түседі.Мүмкін,одан көп xикаялар айтқан болар,небәрі 7 жастағы бүлдіршін есінде осы ғана қалған екен. Соғыс деген дүниені мен балалық шағымда көп естідім."Сенің атаң соғысқа қатысқан "-деп,мұғалімдер жыл сайын 9-мамырда атамды оған қоса бірнеше соғыс ардагерлерін шақырып қонақ ететін. Менің атам болса сол баяғыша үстіне костьюмін киіп,сыныпқа ұзақтан сыңғыр қағып тұратын медальдарын тағып келетін.Қолына шал болғанын білдіргісі келіп ұстап алған ағаш таяғы бар еді. Бірақта ол кісіге таяқ керек емес секілді болып көрінетін.Сырт қараған адамға еш нәрседен қорықпас батыл адам екендігі білінетін. Шыныменде атам батыл екендігімен қоса,қатал да болды.Өз немелерелерін құшақтап еркелеткен жан емес еді.Соғыста көп қиыншылықты көріп келгеннен болар,сөзге сараң ,мінезі қаталдау жан еді.Ауылдың келіндері ұзақтан атамды көріп қалса,иіліп сәлем беріп жолынан тұра қашатын еді.Анамның айтуы бойынша өмірінің соңғы уақытысында әкемнің әкесі ішімдікке жақын болыпты, жастық шақта көрген қиыншылықтарын ойлар мазасы кеткен болар ,бәлкім. Әйтеуір балаларының ішінде менің әкемді ұнатып,біздің үйге келіп бір стакан ащы судан ішіп кетеді екен.Сонда да өзінің паңдығын жоғалтқысы келмей,бір бөтелке арағы мен закускысын өзімен қоса алып клетін көрінеді.Бір күні үйде әкем жоқ болған кезде,атам келіп анама стаканға арақ құйдырып отыр екен.Аяқ астынан үйге келіп қалған көрші жеңгем оны көріп не істерін білмей ,үн-түнсіз сыртқа шығып кетіпті.Кейіннен жеңгемнен не үшін шығып кеттіңіз деп сұрағанымызда,атамның көзіне қарауға қорқатынын жеткізді.Онымен қоса анама сіз қалайша ол кісімен қаймықпай сөйлесесіз?-деп таңырқаған болатын.Анашымның да мінезі атама ұқсас тік мінезді болған,сондықтан болар келін мен ата арасында бір жылулық болғандығы.
Жалпы атамның сол қолының бір саусағы жартылай ғана бар еді.Алғашынды оны көріп,қатты қорыққаным әлі күнге есімді.Есейіп ес кірген сон,атамның саусағына не болғанын үйдегілерден сұрадым.Бұл саусақтың тариxы тікелей соғыспен байланысты болып шықты.Атамның соғысқа бармай жатып барлық саусақтар мен дене мүшелері сау болған.Ұрыс уақытысында жаулармен атыс жағдайлары болған,соның бірінде атамның саусағына оқ тиеді.Ол кісі саусағын ұстап көрсе,түсетін тіс секілді ары-бері қимылдап тұр екен." Бас аман болса,саусақ өсер"деген ниетте саусағын жұлып алып,сол жерге лақтырып кеткен екен.Осыдан -ақ ол кісінің батыр жан болғандығын сезіне аламын.
Маған әкемнің қасында жүрген ұнайтын,оның бейнесіне қарап атамды еске алатынмын.Оған қоса басындағы автомат оғы тәріздес жерлерде шаш өспей қалғандығы мен үшін қызық болатын.Өзінен сұрасам,менде соғысқа барып келгенмін жауап беретін-әкем.Соғыстың не екенін түсінбейтін мен үшін бұл үлкен қуаныш еді,менің әкем мен атамда соғысқа барған деп жүруші ем.Алайда кейіннен бұл сөздердің әзіл екенін түсіндім.Дегенмен атамның басындағы іздер болса шынайы соғыс көріністері екенін білемін.Әттең,мен ертерек дүниеге келгенімді,2-3 жылдың өзі жетер еді.Яғни атамның бүкіл соғыс бойындағы ерліктерін сұрап алғанымды,қаншама әңгімелер туар еді.Осы бар нәрселерге де қанағат етейін,ең бастысы-сіздің артынызда мен секілді ұрпақтар қалды."Қошаев"-тегін тегін алып жүргенім жоқ шығар деп ойлаймын...
Жалпы тікелей соғыс тариxы мен біздің отбасы тарыxы болған еді.1945ж соғыс жеңіспен аяқталып,атам өз туған жеріне оралған болатын.Одан соң отбасын құрып,2 ұл бала дүиеге келеді.Қазірде әкемнің ағасы Қарсыбай көкеден 10 ұл мен қыз туған.Ал әкемнен болса,3 ұл мен 3 қыз болдық.Бәрімізде ақырындап аяқ басып,өз орнымызды тауып келеміз.Атамның өмірден озғанына да біршама уақыт болды.Қателеспесем 2009ж тойда отырған жерінен атамның жүрегі шаншып есінен танып қалады.Сол көз жұмылған күйі ашылған жоқ еді.Ол уақытқа дейін атамның еш жері ауырмаған,90 жасынан асқан айбарлы шал осылайша көз жұмған болатын......