Ұлы дала зары

XX ғасырдың 1937-1938 жылдардағы  сталиндік жүйенің "Үлкен террор" атты саяси қуғын-сүргіні қазақ даласын қанға бөктіріп, қаншама жазықсыз халықты атты, темір торға тоғытты, итжеккенге айдады және басқа да зорлық-зомбылықтардың небір түрін жасады. Ал осы оқиғалардың алдындағы 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылықтың қазақ үшін алатын орны одан да зор болмаса кем емес. Әсіресе 1931-1933 жылдардағы әдейілеп ұйымдастырған ашаршылықта Украина мен Қазақстанның көп жапа шеккені тарихтан белгілі.

Осы орайда, 2020 жылы шыққан "Ұлы дала зары" көркем фильмі сол кездегі зобалңынан хабар береді.

"Ұлы дала зары" көркем фильмі 2020 жылы жарыққа шыққан. Фильм ХХ ғасырдағы ашаршылық кезіндегі қазақ халқының қасіретін көрсететін. Көркем фильм режиссері – әрі сценарисі Марина Құнарова. Продюсері – Ернар Мәліков, операторы – Александр Рубанов.

Режиссер Марина Құнарова түсірген фильм "Алтын глобус" премиясында "Шет тіліндегі үздік фильм" категориясының лонг-лисіне енген.

Басты рөлдерді Саяжан Құлымбетова, Дулыға Ақмолда, Ақылхан Алмасов, Сафуан Шаймерденов сомадаған. 

"Ұлы Дала зары" фильмі – 1920-1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының басынан өткен Ашаршылық тарихына арналған кинотуынды. Сол зұлмат кезеңде қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, аман қалғаны шетелде босып кетуге мәжбүр болған еді. Фильмнің тұсаукесері 2020 жылғы 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен. 

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың 70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасіретінің шындығы ашылмай әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ екенін хабарлайтындай фильмде.

Көркем фильмнің шынайы түсірілгені сонша, кішкентай бүлдіршіндер сол сәттен хабар береді.


Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Бақберген Нұрай
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова



Бөлісу: