Абай – ақын ғұлама,
Әйгілі ғой ғаламға.
Оқысаң сен жырларын
Ақыл құяр санаңа.
Ұлы елдің, ұлы жердің даласынан нәр алған,
Абай атам Шыңғыстаудың топырағынан жаралған.
«Қалың елім, қазағым» деп зар шеккен
Шықпай қойды сенің сөзің санамнан.
«Мыңмен жалғыз алыстым» деп толғандың,
Орындалмай қала берді арманың.
Опасыздық жасаған соң саған да
Қайтіп қана жыр қыламын қалғанын.
Бүгін, міне, заман мүлде өзгерді,
Қазақпын деп шаттанатын кез келді.
Десек тағы, Ұлы Баба , қызық-ау,
Қай ұрпағың дәл өзіңдей сөз терді.
Ұлы Баба! Даналықтың көзісің,
Мейірім мен сезімнің де өзісің.
Махаббат пен шын достықтың айнасы
Қайрат-сезім сенен алған өрісін.
Жырларыңнан нәр аларым-білерім,,
Мақтан етіп сен деп соғар жүрегім.
Қазақ енді қисық баспай, о, Баба
Орындалса екен сенің тілегің.
«Қалың елім, қайран жұртым, қазағың»,
Қиындықтың тартты-ау талай азабын.
Сенің әрбір сөздеріңнен нәр алып
Жүрегімнен жырларымды жазамын.