Ұлы аудармашылар
блог
Бастауыш сыныптарда «Қарға мен түлкі», «Аққу, шортан һәм шаян», «Шегіртке мен құмырсқа», «Есек пен бұлбұл» мысал өлеңдерін жаттаған кезде, түп мағыналарын жақсы түсінгенімізбен, оның аударма екеніне және жалпы құрылымына аса мән бермеген едік. Қазір ойлап отырсам, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевтар қазақ әдебиеті прозасы мен поэзиясына асыл мұра қалдырып қана қоймай, шетел үздік мысал-өлеңдерін, әңгімелерін, жалпы әдебиетін қазақ тіліне аударып, үлкен еңбек сіңірген екен ғой. Әлбетте, мен мұны айтып, жаңалық ашып отырғаным емес. Бірақ біз кейде Абай, Ахмет жайлы реферат жаз дегенге тапсырма орындап, не болмаса олардың мерейлі тойларын атап өткенде ғана еске алып қойғаннан басқа ұлылығына ден қоймайтын тәріздіміз. Бәрін қойып, сол кісілердің аудармасын алып қарар болсақ, мін таппайсың ғой. Әр буыны, сөздері, сөйлемдері үйлескен, кейде аударма түпнұсқадан да керемет шыққан кездері болады.
Мысалы, Абай Құнанбаев Иван Крылов жазған «Стрекоза и муравей» деген мысал-өлеңін аударғанын көрейікші:
Попрыгунья Стрекоза |
Шырылдауық шегіртке |
Мұнда меніңше, қазақша нұсқасы тіптен керемет шыққан. Ал Иван Крыловтың "Лебедь, щука и рак" мысал өлеңі Ахмет Байтұрсыновтың тәржімалауында түсініктірек сияқты...
Когда в товарищах согласья нет, На лад их дело не пойдёт, И выйдет из него не дело, только мука. Однажды Лебедь, Рак да Щука Везти с поклажей воз взялись И вместе трое все в него впряглись; Из кожи лезут вон, а возу всё нет ходу! Поклажа бы для них казалась и легка: Да Лебедь рвётся в облака, Рак пятится назад, а Щука тянет в воду. Кто виноват из них, кто прав — судить не нам; Да только воз и ныне там. |
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
* * *
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
|
Балаларды оқу-ағарту ісінде Ыбырай Алтынсариннің еңбегі шексіз ғой, шіркін. Оның аудармасынан да бір мысал келтіре кетейік.
Ворона и Лисица Уж сколько раз твердили миру, Вороне где-то бог послал кусочек сыру; |
Қарға мен түлкі Ашылып түлкі жүрді жапандарда, |
Әлбетте, бұл аудармалар олардың жасаған ұшан теңіз еңбектерінің бір тамшысындай ғана. Сонау жылдары, қазақтар молдалардан сауатын ашып, әріп танымай тұрғанда осы кісілер білімге құлшынып және біліп қана қоймай, қазақ халқына үлкен мұра қалдырды. "Көп білгеннен не пайда, пайдасын іште сақтасаң" деген асыл сөздің мағынасын жете түсінген, шетел әдебиетіне есік ашқан осы тұлғаларға рақметіміз ешқашан таусылмау керек сияқты...
Сурет: alashainasy.kz