Ұлы арман

Адастырма мені есімнен ұлы арман,

Расында мына жарық өтер жалған.

Қанша артық болсамдағы  өзгелерден,

Түседі екен тәңір ісі басқа салған.

 

Арманым, менің арманым,

Сан жолдардан тұрады ол.

Шын жүрекпен тілесең,

Арманыңа жетер қол.

 

Арманым көп өмірде,

Қолым жетпей аңсаған.

Сәтсіз басқан қадамды,

Түзеуменен шаршағам.

 

Жігерім мен қайратым,

Дөңгелегі арбаның.

Бұл өмірде қашанда

Орындалсын арманың.

 

Қос қанатың жетелер,

Өмірге деген қашықтық.

Жету үшін шыңына

Сол арманның асықтық.

 

Жетсе қолым арманға,

Шашар едім шуағын.

Мен секілді аңсаған,

Бұл  өмірде баршаға.

 

Арманым,менің арманым,

Көрмесем өмір жалғасын.

Не дегенмен мен көремін,

Тағдырдың басқа салғанын.



Бөлісу: