Ұлы Абаймен жүздестім....

                           

 

...Қазақтың кең жайлауы...Шыңғыс баурайына қоныс тепкен жайлауға құмар болып бара жатырмын.Қыбырлаған тіршілік иелері,төрт түліктің құлақты жарар дауыстары,атқа қонған ерлер,үй шаруасымен айналысып,күбі пісіп,шәйін қойып,қонақ күтіп жүрген қазақтың әйелдері,асық ойнап,тартысып жүрген балапандай тәп-тәтті балақандар,киіз үйдің маңайына айналдыра төселген текемет пен киіздерге жайғасып,ұршық иіріп,жүн түтіп отырған әжелер,ал осылардан ерекшеленіп тұрған қазақтың кереметтей қара шаңырағы,қараша үйі-киіз үйді көргенде  ,маңағы құлақты жарған дауыстар түк естілмей,құлақ тынып,бір сәттік үнсіз тыныштық орын алғандай болады.Тау етегіне таман,мұнтаздай таза бұлаққа жақын айнала қоныстанған ауылдың киіз үйлерінен қазақтың табиғатына лайықты деңгейіне қарай пайда болған көшпенділер өркениетінің озық үлгісін аңғарамыз.Сыртқы сұлулығымен адамды баурап алатын қазақ қызының қарапайымдылығы мен көріктілігінің айнасы тәрізді көрінетін киіз үйлер-қазақтың кеңдігінің нышаны емей немене?Бірде-бір бұрышы жоқ болса да,домаланып,жүні үрпиген аппақ қозыдай томпайып тұрған киіз үйдің қасиетінен бірлік пен татулықты,сыйластықты аңғарамыз.Жұптарын бір елі жазбайтын керегелер мен ортада қасқайып тұрған шаңыраққа күн сәулесіндей шашылған уықтар шаншылып тұр.Жалаңаш бұл кеңістікті аппақ шапанымен жапқан киіздер де қазақы үйдің сәнін кіргізуде.

Маңайдағы киіз үйлердің ішінен қанатының саны жағынан болсын,сәнімен болсын дараланып тұрған,ортадағы аппақ шапанын қымтана жабынған,ұлттық ою-өрнектермен қоюлана түскен ерекше үйді көзім шалды.Жақындаған сайын  бейнебір аңыздағы аруақты адамның дауысы естіледі.Құлақтың құрышын қандырар даналық сөздер мен жұмбақ өлеңдер өзен суындай арқырап,тау мен тасты жарып  сүттей ұйыған қауымға ертегідей жұмсақ естілуде. ...Алға қадам басқан сайын тұла бойым ауырланып,ырқыма көнбей кетті.Киіз үйдің ішінен соққан ауыр леп мені соққылауда,қайтсем де табалдырықты аттамай артқа шегінбеймін деген ой болмаса қазір-ақ құлап сала бермекпін.Ауырлық күші мен білмекке құмарлық күші айқасып бірін-бірі ала алмауда,соншама тылсым күш сезілетіндей бұл киіз үйде не бар екен?Соны білмекке асығып тұрғанымды қарашы,бірақ та тылсым күш менің ішке кіруіме қарсы секілді.Ұзаққа созылған айқастан соң тылсым күш сабасына түсіп,ентігін басып,мені алға қарай жетеледі.(Қуанғанымнан «жеңіс менікі» деп айғайлап жіберіппін.)Білуге құмартқан,сұлулығымен тәнті еткен киіз үйдің есігін ашып қалып едім,жап-жарық сәуле төгіліп сала берді.Күннің нұрынан асып түсетін бұл сәулені де түсіне алмай аң-таң боп тұрып қалыппын.Ғажайыптар мекенінде,алтын аймақта жүргеніме шүбә келтірмеймін.Жанарыма ғажайып сәулесін төккен бұл не нәрсе,нендей күш?!Тағы да сұрақ...Таусылмайтын сан сауалымның жауабы қарс алдымнан шықты.Ғажайып сәулеге тоймай,көкке созылған мойнымды амалсыздан төмен түсіріп,шақшадай басымды төрге қаратып,алдымда тұрған кісіні көріп маңағы шақшадай басым шарадай болып,мең-зең күйге түстім. Бұл адамды қайдан көрдім...Ойланып тұрмын.Маған таныс еді ғой.Жаныма жақын...Жаныма жақын кім еді?..Қап,жаныма жақын ақынымды танымай жын көрінген бе?А-а-а-й-й-й-й-й-й,дүние десеңші.Қалай ғана ұлы ақын-Абайдың есімін ұмытып қалдым?Қазақтың бас ақыны...Маған сын!..

 

                                                                     ( Жалғасы бар)



Бөлісу: