Ұлы Абайды ұлықтаған кеш

Ұлы  Абайды ұлықтаған кеш
жеке
блог

Дала кемеңгері Абай – қазақ елінің мақтанышы. Абай дегенде толғанбаған қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді әрдайым бойға сіңірткен данышпан ақынның өсиеті – мәңгілік мұра. Абай өлеңдерін бағаламау, болашаққа дәріптемеу үлкен күнә болар.  Әр қазақ баласы қазақтығын Абай құндылығымен дәлелдей білуі тиіс.  Міне осыған байланысты, 27 ақпан күні Қазақ Ұлттық Универсиетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың бастамасымен жүзеге асып отырған «100 кітап» жобасы аясындағы Қазақ университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған журналистика факультеті, профессор Барманқұлов атындағы  «Телезертхана» үйірмесінің ұйымдастыруымен "Абайтану әлемі" атты танымды-шығармашылық кеш өтті. Кешті журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлы өнегелі сөзімен, Абайдың керемет өлеңдерімен ашып берді. Кеште белгілі бір сарын, әдемі үйлесім болды. Кешке «Сүлеймен Демирел» атындағы университеттің студенттері қонақ болып келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Домбыра мен Абайды екі бөліп айтқан дұрыс болмас,сол себепті  қонақтар қонақкәдеге Абай өлеңдерін оқып қана қоймай,керемет күйлерді шерту арқылы көрермендерді баурап алды.

Кеш жоғары нәтижеде, үлкен әсер қалдырды. 101-топ студенттері өздерінің жаңа актерлік қырларын танытып «Татьянаның сахарадағы әні» атты көрініс қойды. Көріністе басты Абай рөлін Балымбетов Бөкенбай сомадады. Абай келбетін шынайы болмысымен ұштастырып, көрермен қауымға өшпес әсер қалдырды. Әйгерім  рөлін –  Қарасаева Нұргүл , Кішкене молда – Асыл  Ерзат , Мұхаметжан рөлінде  – Ахметов  Мади,  Баймағамбет –  Шынар Әбзелбек , Қысатай – Тұрсынбаев Айтбек,  Ысқақ – Төлеген Берікбол, Мағауияны сомдаған –  Шырынхан  Салтанат, Көкбай рөлін – Төлепберген  Еламан ,Қысатайдың үйінде жүретін, дастархан әзірлейтін қыз –  Абылқасым Іңкәр кәсіби актерлерден кем ойнамады. Тағы бір ерекше атап өтетін жәйт, Абайдың екі бірдей керемет әнін күміс көмей даусымен, тамаша орындап берген Аққайыр Жадырада өзгелерден ерекше көзге түсті. Абай әнімен көрермен көңілін көкке самғатты. Сонымен қатар топтың әр студенті  сол кештегі көрермендердің өздерін құдды бір сол заманның адамдары тәрізді сезінуіне  үлкен септік етті.Оның себебі, актерлық шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Кеш журналистика факультетиндегі тек 101 топпен қана шектелмеді,сол тәрізді 4 курс студенті Наурызалиев  Нұрлан ағамыз келіп,өзінің Абайды қалай  дәріптейтінін көрсетті.  Бірнеше өлеңдерін оқыды,кара сөздерін байыппен,бейне бір Абайдың өзі оқып тұрған секілді зор даусымен  көрерменге жеткізе білді. Осы ретте кештің сәтті өтуін қадағалап, режиссерлік қызметті атқарған, сценарий жазып, ерекше көзге түскен Гүлім Рысқұлованың еңбегін атамай кеткен жөн болмас. Гүлімге, осындай керемет тәрбиелік мәні зор кеш өткізгендігі үшін алғысымыз шексіз. 

Бұл кешті айтқанда,Абайдың халыққа берген ең асыл казынасы – өлеңдерін  жан -тәнімен беріліп оқып,қара сөздерін әр адамға әсер қалдырарлықтай жеткізіп, Ұлы ақынға арнау шығарған  әр студентті айтпай кету мүмкін емес. Тұрсынбаев Айтбек, Асыл Ерзат, Қыдырханова Ақжарқын ақынға арнау шығарса, Джакупбаева Гаухар,  Қожантаева Айгүл қара сөздерін оқып, Сарқыт Әсел, Байғожина Жансая, Абылқасым Іңкәр, Илияс Мархаббат Абай өлеңдерін оқып көрермен жадында сақталып қалды.

Кеш қонақтарын 101- топ қазақы қонақжайлылықпен ,Абай дастарханынан дәм татқызбай жібермеді.

Алдағы уақытта осындай  тәрбиесі мен тәлімі бар кештер көп болады деген үміттеміз! Осы жылы тек факультет көлемінде өтсе, келесі жылға Абайдың  170 жылдығын ұйымдастыру  мақсатында  жоғары Республика  көлемінде өткіземіз деген арман-тілек бар.