Ұлтымыздың үнжариясы-«Қазақ радиосына» бір ғасыр

Ұлтымыздың үнжариясы-«Қазақ радиосына» бір ғасыр
жеке
блог

«Биыл ұлттың үнжариясы « Қазақ радиосына » 100 жыл толды . Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы бастамасымен , республикалық Қазақ радиосы тұңғыш рет 1921 жылы 1 қазанда Орынбор қаласынан хабар таратқан еді . Бүгін мерейтойға орай радионың Алматы қаласындағы ғимаратында мемориалдық тақта ашылып , сол маңдағы аялдамаға « Қазақ радиосы » аты берілді .»-деген жаңалық бүткіл Қазақстанды шарлап жүр.
1921 жылы іргетесы қаланып үлгерген «Қазақ радиосына» биыл тура 100 жыл толып отыр. Ұлтымыздың үнжариясы атағын арқалап жүрген радио- әр қазақтың шаңырағында таңның арайлап атып, түннің батқанына дейін сайрап, құлақ құрышын қандырады. Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Содан бері бір ғасыр зымырап зулап өтіп кетті. 1921 жылдан Тәуелсіздікке дейінгі оқиғалардың бәрі тарихтың төрінде. XX ғасырдың 21 жылының күзінде «Қазақ радиосы» жұмысын бастады, дәл осы жылдың күзінде қыстағы қар аз болып, нәтижесінде жазда жауынсыз күн көрген халық ашаршылықты бастан кешірді... 20 млн адам аштан өлді... Дегенмен, қазіргі күнімізге « Аллаға шүкір» дейміз. Ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда, жаюлы тұрған дастарқанға келіп ас ішсек те, жол жүрсек те, үйдің күйбелең тірлігімен жүрсек те «Қазақ радиосы» қосулы.
Қазақ радиосы ол-ұлттық бренд, мәдени мұра, қазақы нысан, көненің көзі. Ән мен күйі, әзілдері мен ойыны бітпейтін бұл радио-әмбебап. Әр шаңыраққа жарық шамын көлегейлеп жағып тұр. Үйімізде «Қазақ радиосы» қосулы. Тыңдамасқа тіптен, болмайды. Бірінен соң бірі артықшылықтары аса көп айдарлардың уақыт кеңістігімен бірдей жүруі түпкі шыққан тамырымды сүюге үйретеді. Салт-дәстүр, наным-сенім, ырымдардан сусындап, қазақтың небір ақын-жазушыларымен таныстырады. Таныстырып қана қоймай, шығармаларын өтіп жатқан бағалы сағат, минуттарына арқау етеді. Ахмет Байтұрсыновтың бастауымен 1921 жылдың 1 қазанында алғашқы хабарын таратқан радионың 100 жылдық тарихы небір жаңалықтарға толы.
Қазақ радиосы– Қазақ радиолары ЖШС-не қарасты, Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Үлкен кеңістік, орда. Негізінен, Жан жылуы», «Ақ отау», «Бармысың, бауырым?», «Әлеумет»,«Өз сөзім», «Алаң», «Алашнама», «Бәйтерек» (қазақ және орыс тілдерінде);«Інжу-маржан», «Дәуір үні», «Терме», «Қауырсын ғалам», «Бұл – менің жүрегім»;«Қайырлы таң, Қазақ елі!», «Армандастар», «Ән салайық», «Ән шеру - Жұлдыздар лигасы», «Көркемдік кеңес» бағдарламалары сағат тілімен бірге жылжи отыра, тыңдарманға ұсынылады.
Радиода ерең еңбек еткен ардагер тұлғалар: Мұқағали Мақатаев, Тоқсын Құлыбекоа, Сауық Жақанова, Жанель Асқарова, Өмірбек Байділдаев, Ермек Серкебаев, Әнуарбек Байжанбаев, Мина Сейітова.
Қазақ радиосын басқарғандар: Ертай Арысов (1967-1968 жылдар)
Бек Дәулетбаев (1973-1975 жылдар)
Нияз Сыздықов (1968-1969 жылдар)
Абай Өтегенов (1975-1976 жылдар)
Изя Фидель (1969-1973 жылдар)
Кенжебек Есімов (1976-1980 жылдар)
Игорь Саввин (1980-1981 жылдар)
Қуаныш Орманов (1989-1990, 1992-1996 жылдар)
Мадрид Рысбеков (1981-1983 жылдар)
Әмірхан Меңдеке (1990-1992 жылдар)
Аркадий Исенов (1984-1989 жылдар)
Төрехан Данияр (1996-2003 жылдар)
Нұрлан Өнербаев (2003-2006 жылдар)
Жүрсін Ерман (2006-2009 жылдар)
Ғалым Мелдеш (2009-2011 жылдар)
Махат Садық (2011 - 2016 жылдар).
Қазақ радиосы-әлеуметтік, экономикалық, әлеуеттік, саяси негіздерді ескере отыра, демократия жағдайына көңіл бөліп, Егемен Қазақстанымыздың әр түпкіріндегі түйінді ақпараттарды жедел таратуға аса назар аударады. Құлаққа жағымды әндер-вокалдық шеберлігі тұрғысынан шыңдалған, ұлттың санасында сақталған жинақтардан алынады. Өз кезегінде әлем мәдениеті мен түркі тілдес халықтардың арасындағы ерекше байланысты айшықтай түседі. Қазақ радиосы-ұлтымыздың үнжариясы. Радиода қызмет етіп жатқан әр тұлғаға алғысымыз шексіз! 100 жылдық мерейтой-1000 жылдық мерейтойға сүрінбей жетсін!