Жанатаев Д. Ж. Ғани Ә. Ғ.
Ұлттың ұлы бақыты-Тәуелсіздік
“Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз”
Нұрсұлтан Назарбаев
Шежіресі көне түркі дәуірінен бастау алатын қазақ халқының «мың өліп, мың тірілген» екендігі сөзсіз, ежелден өзінің басты елін, қабырғалы тұғырын, салмақты дәстүрін сақтап қалғаны – азаттық рухының арқасында.Бұл біздің үлкен мақтанышымыз. Қазақ мемлекетінің іргетасы сонау сақтардан бастау алса, ғұн, қаңлы, қыпшақтар, Ақ Орда және Қазақ хандығының ұрпақтары бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті болып табылады.
Тарихқа үңілсек, Қазақстан тәуелсіздігін алу үшін екі жүз жылдан астам уақыт қажет болды. Еліміздің азаттығы үшін мыңдаған адамдар күресіп, туған жерінің болашағы үшін қаншама жан қиды. Ежелден ата-бабаларымыз жерімізді жоңғарлардың шабуылынан қорғап келген. Патша тұсында халық өлім мен әділетсіздікті, қайғы мен бақытсыздықты көрді, шығынның не екенін білді. Сондай-ақ, қазақ халқы біртұтас елдің құрамында бола отырып, Ұлы Отан соғысы жылдарында белсене қатысты. Ортақ жеңіс үшін Қазақстанның он мыңдаған батырлары ерлік пен жігер көрсетті. Азат, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқанымыз осы кісілердің арқасы. Осының барлығы халықтың бірлігінің, ынтымағы мен жарқын болашаққа деген ортақ сенімінің арқасы.
Қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында тарихта ерекше орын алатын оқиғалар өте көп болды. Солардың бірі әрі бірегейі 1916 жылғы Сырым Датула, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы және Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлам» заманынан 1930-1933 жылдарға дейін ел билеген 1938 жылға дейін халқымыз осынау ұлан-ғайыр далада өмір сүріп, ұлт ретінде жойылып кету қаупі төнді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, Бауыржан, Мәншүк, Әлия батырлардан бастап ел қорғау жолында құрбандық шалып, тарихта абыройлы ата-бабаларымыздың есімдері алтын әріппен жазылған.
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухымен рухтанған дауылды Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіретіне айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы бізге қанша шулы көрінсе де. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздік таңын әкелді. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде орындалды. Жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан дүниеге келді. Елбасы рәміздерімізді, Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын бекітіп, сан ғасыр армандаған тәеулсіз мемлекетке айналып, тәуелсіздік атты баққа қол жеткіздік. 11 әріптен тұратын «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасы қандай терең, қандай кең! Бір ауыз сөз бейбітшілікке, бақытқа, сәттілікке, достыққа, сыйластыққа, жылылық пен тәуелсіздікке жетелейді. Бұл сөз киелі мекенімізді қуатты өңірге, мәртебесі мен тұғыры биік мемлекетке айналдырды.
Егеменді ел, тәуелсіз ел атанған Қазақстан қайсарлығының арқасында қандай қиындық көрсе де әлемге өзінің өршіл үні мен өркениетін мойындатты. Қазақ тілі мен мәдениеті қазақ халқының рухының күшімен ғана сақталып қалды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктер, егемендік дәуірдегі қазақ елінің жаңа ерекше өрлеуі мен өркендеуі, рухани және экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қауымдастықпен және әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең болуымыз-Тәуелсіздігіміздің алтын бастауы.
Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекетке айналды. Дегенмен, бұл кезеңде елде айтарлықтай ауқымды мемлекеттік қайта құрулар болды. Тәуелсіздігін алған Қазақстан көптеген өзгерістерге ұшырады. Екі палаталы Парламент құрылды, сот жүйесі құрылды, жаңа астана жарияланды. Жақында Қарулы Күштер, Республикалық гвардия, шекара әскерлері, флот пайда болды. Қолданыстағы экономикалық жүйе түбегейлі қайта құрылды, бүгінде біз әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануға қабілетті нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елде өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан шетел инвестициясын тарту бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жетекші мемлекетке айналды. Сондай-ақ әлеуметтік-зейнетақы саласында да елеулі реформалар жүргізілді. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды қолданудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарудан азат ел деп жариялады.Қазір қазақ халқы 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституцияны сақтай отырып, бейбіт азаматтық қоғамда өмір сүруде. Қазақстанның халықаралық саясаты мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдіктеріне қол жеткізуге бағытталған. Шетелдермен достық қарым-қатынас орнату бағытында көптеген жемісті жұмыстар атқарылды. 120-дан астам мемлекет Қазақстанды ресми түрде мойындап, дипломатиялық қатынас орнатқан. Қазақстан БҰҰ-ның толық және белсенді мүшесі болып табылады, сонымен қатар Еуропалық Одақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО. сияқты ең ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтты. Қазақстан 40-тан астам көпжақты және 700-ден астам екіжақты келісімдер мен шарттарға қосылды.Тарихтың талай тауқыметін бастан өткерген қазақ халқының осыдан 25 жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізіп, дұрыс таңдау жасағанын бүгінгі уақыт дәлелдеп отыр. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан қарқынды түрде әлемдегі жетекші елдердің біріне айналуда. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты және құрметті серіктесі, Орталық Азиядағы негізгі мемлекет болып табылады.
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.