Ұлттық тағамдар

Ұлттық тағамдар
жеке
блог

Ас-салямуалейкум массагеттін оқырмандары! Ұлттық тағамдарға байланысты болашақ келіндерге және ас әзірлеуді ұнататын қыздарға арналған блог!!!

Шұжық жасау 

Жылқының шикі етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосады. Оны жылқының іші-сырты жуылған ішегіне тығып, тығыздайды. Ішіне ауа жібермейтіндей етіп, екі жағын мықты жіппен буады. Сәл тобарсытып, көлеңкеге іліп қойып, кептіріп алады. Ауылдық жерде шұжықты ұнға салып сақтайды.

 Ет асу

Етті қазанға саларда суық сумен жуады. Ұсақ малдың – қой, ешкінің, бұзаудың мүшелері қазанға түгел салынады. Қазанға сыймайтын ірі қараның, жылқының жіліктері, жамбасы ортасынан сындырылады. Етті үлкен ыдыста, кең қазанда пісіреді. Салқын су құйылып, аздап тұз салынады. Қазанның қақпағы жабылады. От бірте-бірте күшейтіледі. Ет бірден қайнаса, қатайып кетеді. Қақпағы жабылып, бүлкілдеп қайнаған ет дәмді болады. Көбік жиналған соң, оны қалқып алып тастайды. Кей жерлерде көбік шыға бастасымен оны сапырып, сіңіріп жібереді. Мұндай сорпа дәмді болады.

 Қазы салаты

Піскен картоп пен сәбіз, петрушка мен қабығы аршылып, өзегі алынған алма қиықшалап туралады, олар-ға көк бұршақ, буланған жусай қосып, араластырады. Тұздалып, бұрышталып, үстіне майонез құйылады. Сөйтіп, салат ыдысына салынады. Қазы алдын ала пісіріледі. Ол үшін шикі қазы жуылып, кастрюльге салынады да, үстіне ыстық су құйылып, қайнатылады. Бір қайнаған соң от бәсеңдетіледі. Піс-кеннен кейін олар сүзіп алынбайды, сол сорпасымен суытылады. Суыған соң өткір пышақпен, сыртындағы шегінен аршымай, дөңгелек-теп кесіледі де, әлгінде дай-ындалған салаттың үстіне әдемілеп салады. Содан кейін қазы салатының беті
 петрушка жапырақтарымен әсемделеді.

Құрамы: 450 грамм қазы, ірілеу 3 түйір картоп, ірілеу 1 түйір сәбіз, 2 ас қасық петрушка, 2 ас қасық көк бұршақ, 1 кесе майонез, тұз татымына қарай.

 Бұқпа

Оны жазда марқаның етінен жасайды. Марқаның жіліктері мен омыртқалары өткір балтамен шабылады да жуылады, қазанға салынып, үстінен аздап су құйылады. Қазанның бетін тығыз жабу қажет. Ет өз буымен піседі. Піскен етті нан салмай-ақ қонақтардың алдына қояды. Буға бабымен піскен ет – бұқпа жеген адамның тәбетін ашады, дәмі тіл үйіреді.