Ұлттық нышан-ұлттық ойын

Әр халықтың өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік белгісі, қасиеті, сипаты болады. Оларға салт-дәстүрімізді, өнерімізді, мәдениет пен ғылым,діни сенімдерді жатқыза аламыз. Салт-дәстүрмен етене жақын, түп тамыры тұрмыстық іс-әрекеттерден туындаған,өнердің өзгеше  «өнері» саналатын қазақтың ұлттық ойындары-ұлтымызды шет елден даралап тұратын, қазақ елінің  басты нышандарының бірі.Дегенмен де,барымызды бағаламай жүрген сияқтымыз.Кітаптардан, мұрағаттардан іздестіріп қарасам қазақтың біз білмейтін,тіпті атын да естіп көрмеген ұлттық ойындары жетерлік екен.Бір қарағанда бірнешеуінің өзге елдерден енген немесе көшірме боп сіңісіп кеткен ойындарға ұқсас келуі күмән тудырарлықтай жағдайға қалдырады. Ұлттық ойындардыңда жүгенін өзге елге ұстатып, «мына тұлпар сенікі,мін,шап,жең» деп жоғалтып алғанда  шығармыз. «Барымен базар» деп қолдағы барға қанағат етіп отырудан шаршадық па,жоқ әлде ұлттық ойындарға деген көзқарасымыз бүлінді ме,заманның ағымы дейміз бе, асықтың орнына-«бакуганды»,тоғызқұмалақтың орнына планшет,смартфон,айфондарды,тұлпарға мініп додаға түсудің орнына темір тұлпармен жүйіткуді хош көретін болдық,ал қазақтың нағыз табиғатына келетін,тұрмысынан хабардар ететін,ұлттық рухтың қайнар көзі саналатын ұлттық ойындармен айналысатын спортшылар мен ауылдың анда-санда асық ойнап тұратын балалар болмаса ұлттық ойындарды ойнайтын адамдар жоқтың қасы,ойналмақ түгілі аты аталмай жүрген ұлттық ойындарымыз  кітаптардың ішіндегі ақпарат болып қалмаса игі еді.Болашақ жастар,бүгінгі балалар санасымен санасар болсақ ұлттық ойындардан гөрі ойларында бірінші кезекте  компьютер ойындары(атыс-шабыс,қырып салу,қарулы топтар т.б) тұрары анық.Болашақ елдің  алтын діңгегіне айналар балаларға тәлім-тәрбие беруге  үлкен септігін тигізер қазағымыздың ұлттық ойындарының байқалмай,аты да аййтылмай жүрген ойынына тоқтала кетенім артық болмас.

«Ине», «жіп» және «түйіншек» ойыны-балаларды ептілікке,шапшаңдыққа,күш-жігерін өзгелермен салыстыруға,намыс туын биікке көтеріп, басқалардын қалып қалмауға үйретеді.Бұл ойында ойыншылар саны көп болуы тиіс.Сол ойыншылар арасынан «ине», «жіп», «түйіншек» сайланады.Қалған ойыншылар бір-бірінің қолдарын ұстап үлкен шеңбер жасап тұрады. «Ине», «жіп», «түйіншек» өзге ойыншылардан алшақта тұрады.Шеңбер бойындағы ойыншылар ән,тақпақ,өлең айтып шеңбердің бойымен жылжып жүре бастайды. «Ине» бұл ойында «жіпті» адастыру керек,яғни шеңбер бойында тұрған балалар арасынан жылдам-жылдам өтіп артында келе жатқан «жіпті» адастырып,жолынан жаңылдыру керек. «Жіп» болса «иненің» соңынан ілесіп,адаспай, артында қуып келе жатқан «түйіншектен» құтылуға тырысуы керек. «Иненің» жүрген жолымен «жіп» пен «түйіншек те» шатаспай ілесіп отыруы тиіс.Ойын үшеуінің біреуі жаңылмайынша жалғаса береді.Егер де,біреуі жаңылатын болса шеңберде тұрған ойыншылардан  жаңадан «ине», «жіп», «түйіншек» сайланады.Осылай кезек-кезекпен жалғасып отырады.

Ойынның негізгі ережелері:Бір ойынның ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы тиіс.Әр ойын сайын шеңбердегілер жүру бағытын ауыстырып отырады.Жаңылған «ине», «жіп», «түйіншектің» біреуі міндетті түрде өнерін көрсетуі керек.Айта кетерлік жайт, бұл ойынға қосылған жаңа ереже:егер де «иненің» жолымен «жіп» адаспастан жүре отырып, «инені» ұстап алатын болса «иненің» орнына басқа ойыншы келеді.  «Ине» « түйіншектің» артынан қуалай жүріп жетіп алуы тиіс. «Иненің» екінше мақсаты «түйіншікті» ұстап алып, «түйіншікпен» бірге  «жіпті» қуу.

Ұлттық ойындармен сусындап өскен балалар-ұлттық сананы ерте қалыптастырады.Қазақтың ұлттық ойындары десе есімізге көкпар,қазақша күрес,аударыспақ,бәйге,қыз қуу,тоғызқұмалақ,асық ойнау т.б  ойындар келері сөзсіз.Кітаптарды ақтара отырып біздікі болса да «біздікіге» белгісіз көрінетін танымал емес болса да ,танымы мен тағылымы мол ұлттық ойындарды кезіктіре аласың.Тарихтың қойнауында жатқан  мол мұралардың сарқыншағын қайтадан қалпына келтіруге жасалып жатқан шаралар Ұлттың есін жиюына бағытталған шаралардың жиынтығы болмақ.Балаларға арналған ұлттық ойындарды насихатттау жетіліңкіремейді. «Ұлт болам десең бесігіңді түзе» дейді дана халқымыз. Ұлттық ойындарды ойнайтын қазақстандықтар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Топ болып ұлттық ойындарды ойнауды балабақшадан бастайық. Шахмат тақтасы мен тоғызқұмалақ тақтасын тең дәрежеде қояйық... Ұлтымыздың асыл жауһарларын  сақтау,дамыту сіз бен біздің қолымызда!!! Ұлттық ойындардың жанашырлары,жастар,ұрпағымызға нені мақтанышпен қалдыра аламыз,ойланайық...



Бөлісу: